Көмірсутектердің галоген туындыларының физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру олардың жеке өкілдерімен таныстыра отырып, олардың қолданылуы туралы білімді меңгерту
Химия, 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің галоген туындыларының қасиеттері
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
а) Білімділік
Көмірсутектердің галоген туындыларының физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру. Олардың жеке өкілдерін қарастыру арқылы қолданылу салалары туралы білімді меңгерту.
ә) Дамытушылық
Оқыту технологияларын пайдалана отырып, тақырып мазмұнын талдау және салыстыру дағдыларын дамыту. Танымдық белсенділікті арттыру, оқушының іскерлігін, өз бетінше ізденуін, ой-өрісін және шығармашылық мүмкіндігін жетілдіруге бағыттау.
б) Тәрбиелік
Көмірсутектердің галоген туындыларының қолдану аясына байланысты пайдасы мен зиянын ажырата білуге баулу. Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге және ортақ мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Оқыту тәсілдері мен ресурстар
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Тірек-сызбалар арқылы оқыту
- Түсіндіре әңгімелеу
- Демонстрациялау
Пәнаралық байланыс
- Математика
- Физика
- Биология
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Шар-өзекті модельдер
- Периодтық кесте