Материкке шолу

Сабақтың тақырыбы

Африка материгін қайталау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Африка материгі туралы алған білімді жинақтау және өткен тақырыптарды жүйелеу.

Дамытушылық

  • Өз ойын нақты әрі толық жеткізу дағдысын дамыту.
  • Тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлауға үйрету.
  • Топпен және картамен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Географиялық мәдениетті қалыптастыру.
  • Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Типі

Қайталау сабағы.

Әдістері

Интерактивті әдістер, «Алты қалпақ» әдісі, сыни тұрғыдан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих.

Көрнекілігі

  • Африканың физикалық картасы
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық, слайд
  • Ватман, маркер

Сабақтың жоспары

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Қызығушылықты ояту
  3. III Материкке шолу
  4. IV Бекіту
  5. V Қорытындылау, бағалау, кері байланыс
  6. VI Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл күйін сабаққа бағыттау (психологиялық ахуал қалыптастыру).

II. Қызығушылықты ояту

Тақырыпты ашу үшін Африка материгіне арналған тақпақ оқылады, содан кейін сабақтың мақсатымен таныстырылады.

Мен өзім оттай ыстық жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

Египет, Алжир, Марокко бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің.

Тауларым бар — Килиманджаро,

Айдаһардай Ніл, Замбези суым қандай!

Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім —

Тамаша, көрген адам таң қалғандай.

Сұрақ-жауап арқылы талқылау

  • Өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? Африка.
  • Алдыңғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер, не білдіңдер?
  • Географиялық орны, табиғат зоналары, елдері мен халқы туралы білімімізді толықтырдық.
  • Бүгін — тараудың қорытынды сабағы. Мақсат: алған білімді пысықтау, жинақтау және қорытындылау.

«Ең, ең, ең...» — Африканың ерекшеліктері

Оқушылар интерактивті тақтада кластер құрып, материктің рекордтық нысандарын атайды.

Ең үлкен тропиктік шөл: Сахара

Ең биік жанартау: Килиманджаро

Ең ұзын өзен: Ніл

Ең үлкен арал: Мадагаскар

Ең ірі жануар: Африкалық піл

Ең ірі сарқырама: Виктория

III. Материкке шолу

Интерактивті тақта және электронды оқулық арқылы практикалық тапсырмалар орындалады.

1-тапсырма: Географиялық нысандарды картадан табу

  • Солтүстік шеткі нүкте: Альмади мүйісі
  • Оңтүстік шеткі нүкте: Игольный мүйісі
  • Батыс шеткі нүкте: Рас-Хафун мүйісі
  • Шығыс шеткі нүкте: Бен-Секка мүйісі
  • Африканы қандай сулар шайып жатыр?
  • Ең биік тау жүйесін көрсет.
  • Ең ежелгі мемлекеттерді анықта.

2-тапсырма: Зерттелу тарихы

«Африка материгінің зерттелу тарихы» тақырыбы бойынша кестені толтыру.

Бекіту: тест сұрақтары

Төмендегі сұрақтар арқылы тақырып бойынша білім бекітіледі.

1. Дүние жүзіндегі ең ыстық материк:

  • A) Еуразия
  • Ә) Оңтүстік Америка
  • В) Аустралия
  • С) Африка
  • Д) Солтүстік Америка

2. Африкадағы Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл:

  • A) Намиб
  • Ә) Сахара
  • В) Қызылқұм
  • С) Қалахари
  • Д) Мадагаскар

3. Ұзындығы 6671 км болатын, Жер шарындағы ең ұзын өзен:

  • A) Нигер
  • Ә) Замбези
  • В) Конго (Заир)
  • С) Ніл
  • Д) Эйр

4. Мадагаскар аралының символы:

  • A) Лемур мен саяхатшылар ағашы
  • Ә) Керік
  • В) Майлы пальма
  • С) Қабылан
  • Д) Вельвичия

5. Ең бойшаң халық өкілдері — тутси мен химилер. Орташа бойы:

  • A) 150–160 см
  • Ә) 160–170 см
  • В) 170–180 см
  • С) 180–200 см
  • Д) 200–210 см

6. Даму деңгейі ең жоғары мемлекет:

  • A) Ливия
  • Ә) ОАР
  • В) Эфиопия
  • С) Египет
  • Д) Судан

7. Египеттің астанасы:

  • A) Александрия
  • Ә) Триполи
  • В) Алжир
  • С) Рабат
  • Д) Каир

8. Африканың оңтүстік шеткі нүктесі:

  • A) Игольный мүйісі
  • Ә) Бен-Секка
  • В) Рас-Хафун
  • С) Альмади
  • Д) Пиай

9. Шығыс Африкадағы биіктігі 5895 м жанартау:

  • A) Атлас
  • Ә) Килиманджаро
  • В) Анды
  • С) Гималай
  • Д) Тянь-Шань