Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыраотырып, сөйлеу тілін дамыту

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу және тіл не үшін қажет?

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту.
  2. Оқу дағдысын жетілдіре отырып, әдептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  3. Мәтінді түсініп, қатесіз оқуға дағдыландыру және сөйлеу тілін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Жеке сюжетті суреттер
  • Тірек сызба

Сабақтың барысы

I. Бағдарлау — мотивациялық кезең

Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларды «Сөйлеу әлеміне» саяхатқа шығатынын хабарлау.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
  2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
  3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
  4. «П»-дан бастасаң — зоопаркте тұра алам. «Т»-дан бастасаң — ойыңды сыртқа шығарам. (піл — тіл)
  5. Шыр-шыр етеді, ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
  6. Аулада бар, елде жоқ. Дауылда бар, желде жоқ. («у» әрпі)
С Ө Й Л Е У

Негізгі сұрақтар

  • Сөйлеу не үшін қажет? — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына.
  • Сөйлеу не арқылы жүзеге асады? — ауызша және жазбаша түрде.

Сөйлеу түрлері

Ауызекі сөйлеу

Үн арқылы берілетін сөйлеу.

Жазбаша сөйлеу

Жазылып берілетін хабар.

«Фонетика әлемі» тірек ұғымдары

Дыбыс Әріп Дауысты Дауыссыз

II. Операционалдық — орындаушылық кезең

Жаттығулар арқылы мәтінді түсініп оқу, талдау және тілдік білімді бекіту жұмыстары орындалады.

1-жаттығу: Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды.
  • Мәтіннің мазмұны талданады.

Талдауға арналған сұрақтар

  1. Мәтінде кім туралы айтылған?
  2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
  3. Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
  4. Үсен әдепті балалардың қатарына қосылды ма?

Дыбыстық талдау

«Тікұшақ» сөзін дыбыстық құрамына талдау.

Сөздік жұмысы

Лезде — тез арада, жылдам.

Ребус

Ребус шешу: «Бауырсақ».

2-жаттығу

Оқулықтағы тапсырма орындалады.

Білімді тиянақтау (оқулықтан тыс тапсырмалар)

1) Сюжетті сурет бойынша әңгіме

Суретке қарап, қысқа әңгіме құрастыру.

2) Өздік диктант

Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу:

  • Айдос пен Дархан (телефонмен) ұзақ сөйлесті.
  • Атасы (немересіне) ертегі айтып берді.

III. Рефлексиялық — бағалау кезеңі

Оқушылар сөйлеудің маңызын өмірлік жағдаят арқылы түсінеді және қорытынды жасайды.

Әңгімелеу арқылы рефлексия

Ертеде бір қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, желмен ұшып, аспан әлеміне тап болыпты. Аспанды аралап жүріп, ол кішкентай бір планетаға кезігеді.

Қаңбақ шал планетаның атын не арқылы біледі? Балалар: ол планетаның атын сөйлесу арқылы білетінін айтады.

Ол — Меркурий планетасы екен. Меркурий қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.

Қорытынды сұрақтар

  • Сөйлеу не үшін қажет?
  • Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Оқушылардың жұмысы бағаланады.
  • Үй тапсырмасы беріледі.