Затпен санды сәйкестендіру
Ашық сабақ конспектісі
Тақырыбы
«Бауырсақпен саяхат»
Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
«Шаттық шеңбері»
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
Ескерту
Осы сәтте есік қағылады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Балалар, қараңдаршы: бізге қарай домалап біреу келе жатыр. Бұл кім болды екен?
Кейіпкер: Бауырсақ
Бауырсақ: «Ля-ля! Мен Бауырсақпын. Сәлем, кішкентай достарым!»
Тәрбиеші: «Бауырсақ, қайдан тап болдың? Бауырсақ туралы ертегіні білесіңдер ме?»
Тәрбиеші: «Сен қайда бара жатырсың?»
Бауырсақ: «Мен ата мен әжемді таба алмай жүрмін.»
Бауырсаққа көмектесеміз бе? Ендеше Бауырсақпен бірге орманға саяхатқа шығайық.
Орман ішіндегі тапсырмалар
1) Қоянмен кездесу
Логика · санауҚоян: «Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ: «Сүйкімді аппақ қоян, жемеші мені. Мен саған өлең айтып беремін.»
Қоян: «Жоқ, өлең тыңдағым келмейді. Егер мына шашылған пішіндерді атап, олардан үй құрастырып берсеңдер және шатасқан сандарды ретімен қойсаңдар, Бауырсақты жемеймін.»
Дидактикалық ойын
«Шатасқан сандар»
- Сандарды тура санау
- Сандарды кері санау
Билингвальдік компонент
- Сәлеметсіз бе — Здравствуйте
- Бір — one
- Екі — two
- Үш — three
- Төрт — four
- Бес — five
Қоян: «Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмамды орындадыңдар. Бауырсақты жіберемін.»
2) Қасқырмен кездесу
Сәйкестендіру · салыстыруҚасқыр: «Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!»
Балалар: «Жемеңізші, Қасқыр аға. Біз сізге өлең айтып береміз.»
Қасқыр: «Жоқ, өлең тыңдағым келмейді. Менің тапсырмаларды орындасаңдар, Бауырсақты жіберемін.»
Тапсырма: зат пен санды сәйкестендіру
- Суретте неше шырша бар? Үш санын тауып, сәйкестендір.
- Неше сәбіз бар?
- Неше қоян бар?
- Үш көп пе, әлде төрт көп пе?
- Тең болу үшін не істеуге болады?
Қасқыр: «Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Бауырсақты жемеймін — оның жақсы достары бар екен.»
3) Аюмен кездесу
Уақыт · кеңістікАю: «Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!»
Балалар: «Жемеңізші, Аю аға. Біз сізге өлең айтып береміз.»
Аю: «Жарайды, онда сұрақтарыма жауап беріңдер.»
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.
- Қыс айларын атаңдар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жұмбақ арқылы тәулік бөліктерін анықтау
- «Ұйқымыздан тұрамыз, беті-қолды жуамыз. Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз.» Бұл қай кезде болады?
- «Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз. Серуенге шығамыз, қыдырамыз.» Бұл қай кезде болады?
- «Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз.» Бұл қай кезде болады?
- «Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем…» Бұл қай кезде болады?
Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»
Мақсаты: балалардың зейінін, ойлауын, көру қабілетін дамыту; кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру (оң жақта, сол жақта, үстінде, астында, ортасында).
Шарты: экранда Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері көрсетіледі. Кезек-кезек бір кейіпкер алынып тасталады — балалар қайсысы жоқ екенін табады.
Аю: «Бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар. Мен сендердің достарыңа тимеймін. Жолдарың болсын!»
Сергіту сәті
Бас бармағым — алғашқы
Балан үйрек — жалғасы
Ортан терек — кезекші
Шылдыр шүмек — көмекші
Бәріне ортақ — алақан.
Бір қолда нешеуміз? Бір қолда біз бесеуміз.
4) Түлкімен кездесу
Салыстыру · санауТүлкі: «Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ: «Жемеші, Түлкі. Мен сізге өлең айтып беремін.»
Түлкі: «Өлең тыңдағым келмейді. Қарным аш. Егер менің тапсырмамды орындасаңдар, Бауырсақты жемеймін.»
Дидактикалық ойын: «Салыстыр, ата және сана»
Тақтада тірек-сызба және суреттер беріледі. Балалар суреттердегі айырмашылықтарды атап, санап, салыстырады.
Түлкі: «Бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Уәдемде тұрамын — Бауырсақты жемеймін.»
Қорытынды
Балалар, қараңдаршы, біз кімнің үйіне жеттік? Біз Бауырсақтың ата-әжесінің үйіне келдік.
Бауырсақ: «Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Сендер нағыз доссыңдар. Сендер сияқты ақылды, мейірімді достар көп болсын. Сау болыңдар, балалар!»