Тапқырлар тобы
9-сыныпқа арналған тәрбиелік-танымдық сайыс
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»
Мақсаты
Математиканы оқыту барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар оқушының пәнді терең меңгеруіне ықпал етіп, білімге құштарлығын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың өту барысы
- Екі топқа бөлу
- Үй тапсырмасы: «Сөзжұмбақ»
- Логикалық сұрақтар
- «Бұл кім?» (математика тарихы)
- Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері
- Сандар және математикалық терминдер араласқан мақал-мәтелдер
- Қорытынды
1-бөлім: Топқа бөлу
Алдымен сынып екі топқа бөлінді: «Алғырлар» және «Тапқырлар».
2-бөлім: Үй тапсырмасы — «Сөзжұмбақ»
Оқушылар үйден дайындап келген сөзжұмбақтарын бір-біріне беріп, екі топ кезекпен шешті.
«Алғырлар» — 4 ұпай
«Тапқырлар» — 4 ұпай
3-бөлім: Логикалық сұрақтар
«Алғырлар» тобына
- Ешқашан қиылыспайтын түзулер — параллель түзулер
- Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем — аксиома
- Бөлімдері 10, 100, 1000... болатын бөлшектер — ондық бөлшектер
- Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы — синус
- Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны — шеңбер
«Тапқырлар» тобына
- Толық бұрыштың шамасы — 360°
- Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем — теорема
- Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер — перпендикуляр түзулер
- Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар — натурал сандар
- Бұрышты қақ бөлетін сәуле — биссектриса
Бұл бөлімде екі топ та 3 ұпайдан еншіледі.
4-бөлім: «Бұл кім?» (математика тарихы)
Бұл бөлімде математика тарихына қатысты сұрақтар қойылды.
1) Координаталар жүйесін енгізген ғалым — Р. Декарт
2) Геометриядағы жаңалығы үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбандық шалған — В. Пифагор
3) «Әл-жебр әл-муқабала» кітабының авторы, Орта Азия математигі әрі астроном — Әл-Хорезми
4) «Математика королі» — К. Гаусс
5) Қазақстандағы Республикалық физика-математика мектебі аталған ғалым — О. А. Жәутіков
«Алғырлар» — 5 ұпай
«Тапқырлар» — 0 ұпай
5-бөлім: Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері
Әр топ қазақтың ұлттық өлшем бірліктерінен өздері білетін атауларды жазды.
«Алғырлар» тобы
- Ұзындық
- Аудан
- Көлем
- Уақыт
- Салмақ
«Тапқырлар» тобы
- см
- кг
- мм
- м
- литр
Бұл бөлімде екі топ та 5 ұпайдан алды.
6-бөлім: Мақал-мәтелдер сайысы
Бұл бөлімде сандар мен математикалық терминдер араласқан мақал-мәтелдер айтылды.
«Алғырлар» тобы
- Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.
- Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
- Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
- Жетіге келгенше, жерден жеті рет таяқ жейсің.
- Қырықта қылаң, елуде елес.
«Тапқырлар» тобы
- Болар бала жеті жастан бас болар.
- Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.
- Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды сыйла.
- Отыз күн оразаның бір күн айты бар.
- Бес бармақ жұмылса жұдырық болады.
Екі топ та бес мақалдан айтып, 5 ұпайдан еншіледі.
Қорытынды
Жалпы есеп бойынша «Алғырлар» тобы 17 ұпай жинап, «Тапқырлар» тобы 12 ұпаймен сайысты аяқтады. Осылайша бүгінгі «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты тәрбиелік шараның жеңімпазы — «Алғырлар» тобы.
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!