Ұлттык музыка аспаптары
Қазақ халқының музыка өнері және күй өнері
Бұл жоспар 5-сынып оқушыларына қазақтың ұлттық ән-күй дәстүрін таныстыруға, рухани мәдениетке құрмет қалыптастыруға және бірлескен жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жалпы мақсат
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін ашу және ән-күй өнерінің дамуы туралы нақты мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениеттегі орнын түсініп, оқығанын қорытып, өз ойын тұжырымдай алады.
Міндеттері
- 1 Ұлттық музыкалық мәдениеттің ерекшелігін аша отырып, қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мәлімет беру.
- 2 Рухани мәдениетке көзқарас қалыптастыру; мәдени құндылықтарды өз бетімен түсіну, талдау және бағалау қабілетін дамыту.
- 3 Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Негізгі идея
Оқушылар ұлттық рухани мәдениеттің маңызын түсіндіре отырып, мәтінмен жұмыс барысында өз ойымен қорытынды жасауға үйренеді.
Назар аударатын дағды
Оқу, талдау, пікір айту, қорытындылау
Оқу форматы
Топтық, жұптық және жеке жұмыс
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларға жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару және топқа бөлу.
- Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Ұлттық мереке атаулары арқылы 3 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау және жауаптарды қысқаша бағалау.
III. Жаңа сабақ
Ойталқы, мәтінмен жұмыс және постер қорғау арқылы тақырыпты ашу.
3.1 Ойталқы (жұмыс сұрағы)
«Қазақтың ұлттық ән-күй өнері туралы не білеміз?» Топтар ақ параққа өздері білетін әндер мен күйлерді жазады.
3.2 Мәтінмен жұмыс (Қара. Жап. Жаз. Айт.)
Тақырып мазмұнын ашып, топ ішінде талқылап, постер дайындап қорғау.
1-топ
Дала әуендері
Халық әуендерінің сипаты, мазмұны, орындалу дәстүрі.
2-топ
Ұлттық музыка аспаптары
Домбыра, қобыз және басқа аспаптардың орны мен қызметі.
3-топ
Белгілі тұлғалар
Әнші-күйшілер, күйшілер мектебі, мұраның жалғастығы.
Бекіту: жеке жұмыс
Кесте толтыру арқылы жаңа ұғымдарды жинақтау.
| Бөлім | Негізгі ой | Мысалдар | Қорытынды |
|---|---|---|---|
| Дала әуені | ... | ... | ... |
| Аспаптар | ... | ... | ... |
| Тұлғалар | ... | ... | ... |
Бағалау парағы
Топ ұпайы: 3–5 ұпай аралығы
V. Қорытынды, бағалау және рефлексия
Сабақты қорытындылау, бағаларды хабарлау және кері байланыс алу.
Сабақтың жабдықтары
- Мультимедиа
- Интерактив тақта
- Флипчарт
- Маркер, қарындаш
Келесі тапсырма
Қосымша материалдар бойынша шығармашылық тапсырма: белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.
Келесі оқу: §21 Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Материалдарды портфолиоға жинақтау ұсынылады.
Педагогикалық ескертпе
Сабақты талдау кезінде топтық және жұптық жұмыстардың сапасына, постер қорғаудағы белсенділікке, сондай-ақ жеке жұмыс нәтижесіне назар аударылады. Қажет болса, сабақ құрылымына өзгерістер енгізіледі.