Заттар үстімен секіруді, Заттар арасымен ирелеңдеп жүгіруді үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың қозғалыс дағдыларын ойын түрінде дамытуға бағытталған.
Білім беру саласы
Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Дене шынықтыру
Тақырыбы
Көңілді саяхат
Негізгі идея
Балаларды ширақ қимылдауға, бағытты сақтауға және түрлі кедергілерден қауіпсіз өтуге үйрету.
Мақсаты
- Аяқ ұшымен және өкшемен жүруді меңгерту.
- Қазша жүріп қозғалу дағдысын қалыптастыру.
- Бағытты өзгерте отырып жүгіруге үйрету.
- Өз еркімен бір қатарға сапқа тұруды үйрету.
- Заттардың үстінен секіруді және заттардың арасымен ирелеңдеп жүгіруді үйрету.
- Доғаның астынан алақан мен табанға сүйене отырып, төрттағандап еңбектеп өтуді үйрету.
- Биіктікте орналасқан затқа секіріп, жаттығу жасауға дағдыландыру.
Негізгі екпін: қауіпсіздік, қозғалыс үйлесімі және бағыт-бағдар.
Қолданылған көрнекі құралдар
Слайд
Тақырып және ұлағатты сөз жазылған баннер
Өрілген арқан жіптер
Қанқыздар
Бөрене
Гүлдер мен саңырауқұлақтар
Қоңырау
Сабақтың барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Балалар әуенмен залға кіреді. Тәрбиеші балалармен сәлемдеседі:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін мен сендермен қызықты саяхатқа шығамын. Сендер саяхат жасағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше, саяхатымызды бастайық. Балалар, тез орындарымызды тауып, шеңбер жасап тұрайық.
I. Кіріспе бөлімі
- Қолды белге қойып жүру.
- Өкшемен жүру.
- Аяқ ұшымен жүру.
- Жүгіру.
- Кері бағытта жүгіру.
- Жай жүріс.
- Екі қатарға бөлініп тұру.
II. Негізгі бөлім: жалпы дамыту жаттығулары
Тәрбиеші жаттығуларды көрсетіп, орындалу ретін түсіндіреді. Әр жаттығуда бастапқы қалыпқа қайта оралу қадағаланады.
1-жаттығу
Бастапқы қалып: аяқ бірге, қол төменде.
- Қолды алға созу.
- Өрілген арқан жіпті жоғары көтеру.
- Аяқты алшақ қою.
- Оңға және солға тербелу.
- Бастапқы қалыпқа оралу.
2-жаттығу
Бастапқы қалып: аяқ алшақ, қол төменде.
- Қолды алға созу.
- Қолды жоғары көтеріп, оңға бұрылу.
- Солға бұрылу.
- Бастапқы қалыпқа оралу.
3-жаттығу
Бастапқы қалып: қол алда, аяқ арасы ашық.
- Отырып-тұру.
- Бастапқы қалыпқа оралу.
4-жаттығу
Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, қол төменде.
- Оң аяқты сілку.
- Сол аяқты сілку.
- Кезекпен қайталау.
- Бастапқы қалыпқа оралу.