Топқа біріктіру
Сабақтың тақырыбы
Латын әліпбиіне өту — заман талабы. Бұл сабақ оқушылардың тарихи санасын нығайтып, тіл мен мәдениеттің сабақтастығын түсіндіруге және қоғамның рухани жаңғыру идеяларын терең ұғындыруға бағытталады.
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
- Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін және тарихын тануға бағыттау.
- Жалпыадамзаттық құндылықтарды және терең көзқарасты сіңіру арқылы танымдық белсенділікті арттыру.
- Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеяларын кеңінен насихаттау.
Тілдік мақсаттар
- Мақаланың түйінді ойлары мен негізгі идеясын түсіндіріп, насихаттайды.
- Жұпта/топта бір-біріне мәтінді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Құндылықтар мен байланыстар
- Құндылықтарға баулу
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі мен әдебиеті.
- Алдыңғы білім
- Қазақстан тарихы (6, 8–9 сынып оқулықтары).
Сабақтың құрылымы
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал
«Сиқырлы заттар дүкені» әдісі: оқушылар бір затты таңдайды, таңдауына қарай мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымы туралы ой түйеді.
Топқа біріктіру
«Мозайка» әдісі: білім туралы мақал-мәтелдер екі түрлі түспен жазылып, қиылады. Оқушылар қиылған бөліктерді әріптердің түсіне қарай құрастырып, топтарға бірігеді.
Алтау ала болса — ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса — төбедегі келеді.
Ынтымақсыз елді — ұрысы билейді.
Ынтымақты елді — дұрысы билейді.
Белсенді әдіс
«Миға шабуыл» және «Суреттер сыр шертеді» әдісі: оқушылар ұсынылған суреттерге қарап, оқиғаларды логикалық ретпен әңгімелейді.
Кілтті сөздер мен тіркестер
Кері байланыс
«Социаграмма» әдісі: оқушылар 10 балдық шкала бойынша өздерінің жаңа тақырыпқа қатысты бастапқы білім деңгейін бағалап, тиісті орынға стикер жапсырады.
Бейнебаян арқылы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығы талқыланады. Сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан сабақ тақырыбына сай үзінділер оқылады.
Сабақтың ортасы: жаңа тақырыпты меңгеру
1-тапсырма
«Пирамидалық жіктелім» әдісі: оқушылар ақпаратты іздеу, іріктеу және жүйелеу арқылы өз тұжырымдарын қалыптастырады.
1-топ (Зерттеушілер)
Тақырып бойынша ғаламтордан дерек тауып, зерттеу жұмысын жүргізеді.
2-топ (Сараптаушылар)
Мәтінді ғаламтордан тауып, талдау және сараптама жұмысын орындайды.
Материалдар
- «Латын әліпбиіне өту — заман талабы» тақырыбы бойынша таныстырылым (слайд) және қосымша ресурстар.
- Мақала үзінділері, бейнематериалдар және талқылауға арналған сұрақтар.