Тау мен дала бекеті
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Сүйем сені, туған елім!
Мақсаты
- Өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың алған білімін өмірде тиімді қолдана білуге баулу.
Түрі
Саяхат сабағы
Көрнекілігі
Қазақстанның Туы мен рәміздері, даналық сөздер, проектор, батырлардың портреттері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті қонақтар, келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Сіздерге шын жүректен шуақты күн, ашық аспан, бейбітшілік пен амандық, ырыс-береке тілейміз!
Қазақстан — біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар таулары, айдын шалқар көлдері, сылдырап аққан өзендері, ну ормандары бар. Бәрі де Алтай мен Атыраудың, Ақжайық пен Алтайдың аясында құлаш жайып, жайнап, түрленіп, жаңарып келеді.
Халқымыздың «Отан — отбасынан басталады!» деген сөзі бар. Отан — кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әр адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы мен мемлекеті — оның өмірдегі жан саясы, кең өрісі, жүрегін жылытар туған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміздің, туған жеріміздің тарихын, өткені мен бүгінін жақсы білуіміз қажет.
Негізгі бөлім
-
1
Мен қазақпын — биікпін, байтақ елмін. Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске. Айта бергім келеді, айта бергім.
-
2
Елін қорғап, жауды дүркіретіп қуған батырларымыз — Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шағатай, Қарасай, Райымбек, Махамбет, Исатай және басқа да бабаларымыздың ерліктері — бізге үлгі-өнеге.
-
3
Елдің бостандығы мен теңдігін аңсаған Мағжан, Сәкен, Ахмет, Шәкәрім, Бейімбет, Ілияс сынды арыстарымыз жазықсыз құрбан болды. Олар тарихта өшпестей із қалдырды.
-
4
XXI ғасыр — білім ғасыры. Біздің мақсатымыз — өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып қалыптасу.
-
5
Туған жер — алтын босағам, аттандым сенен қияға. Анам мен Отан — қос ана, қондырған мені ұяма.
Туған жер — алтын мекенім, бақытым сенсің аңсаған. Мәңгі де бақи өтемін, қарыздар болып мен саған.
-
6
Отан дейміз — от жаққан жерімізді, Отан дейміз — өсірген елімізді, Отан дейміз — туған жер, Атамекен: биік тауды, орман-тоғай, көлімізді.
Отан дейміз — кең байтақ Астананы, жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ — ол бәрібір өз үйіңнен басталады.
-
7
Елімнің бәрі есімде, уақыт болса көшуде. Тың игеріп қазағым, қиырсыз дала төсіңде.
Қазағым қайрат танытып, нарыққа келді мойымай. Тәуелсіздігім — намысым, алысқа тартар ар үшін. Қияға көзін тігеді, Қазақстаным — барысым.
-
8
Бүгінде Қазақстан — әлем назарындағы ел. Болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері бай, халқы бейбіт мемлекет. Біз — қазақпыз! Біз мұны жүрегіміз толы мақтанышпен әрі құрметпен айтамыз!
-
9
Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін! Қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даналық сөздеріне зер салайық.
Көрініс: «Қазақтың үш биі».
Сайыс бөлімі: «Елімізге сапар»
Тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі сайыс түрінде өтеді. Көрсетілген бекеттер арқылы елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі және табиғаты туралы қосымша мәлімет аламыз.
- Сайысқа төрт топ қатысады.
- Топтар рет саны көрсетілген сандықшадан сұрақ алып, орындайды.
- Топ жауап бере алмаса, көрермендер жауап береді.
1-бекет: Тарих
- Қазақтың үш биі кімдер? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
- Қазақ халқының атақты үш батыры? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай.
- «Алтын адам» табылған жер? Есік қорғаны.
- Қазақстанның ең алғашқы астанасы? Орынбор.
2-бекет: Тау мен дала
- Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? Шығыс Қазақстан облысы.
- Қазақтар қандай дала өсімдігін Отанның символы деп есептейді? Жусан.
- Қазақстанның ең биік нүктесі? Хан-Тәңірі.
- Қазақстанның ірі таулары? Алатау, Алтай, Тарбағатай, Қаратау және т.б.
3-бекет: Әдебиет
Қазақ халқының ұлы ақындарын атаңдар.
А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, М. Жұмабаев, М. Мақатаев, Ш. Құдайбердиев.
Қазақ ертегілерін атаңдар.
«Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Керқұла атты Кендебай», «Жыл басы» және т.б.
Мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Отан оттан да — ыстық.
- Туған жерге — туың тік.
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Жұмбақтарды шешіңдер.
Иінінде құлағы, ішінде бұлағы. Көмейіне от салсаң, ызындап тұрады.
Жауабы: самаурын.
Мал төлдер әр ауыл, пісіреді ақ бауыр.
Жауабы: уыз.
Басы құдық, сабы сырық.
Жауабы: ожау.
4-бекет: Ән-күй
- Қазақтың әйгілі композиторларын атаңдар. Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, А. Жұбанов және т.б.
- Қазақтың атақты күйшілері? Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Дина.
- Қандай халық әндерін білесіңдер? «Елім-ай», «Әй-әй бөпем», «Бір бала», «Бесік жыры».
- Ұлттық аспаптарды атаңдар. Домбыра, жетіген, шаңқобыз, дауылпаз және т.б.
5-бекет: Салт-дәстүр
- Қазақ халқының ежелгі мейрамдарын атаңдар. Наурыз, айт мейрамдары.
- Қазақ халқының ұлттық тағамдары? Бесбармақ, қазы-қарта, қымыз, жал-жая, құрт және т.б.
- Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар. Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік, кебіс және т.б.
- Қазақ халқының ұлттық сувенирлері? Түйе, домбыра, киіз үй және т.б.
6-бекет: География
- Қазақстанның көрші елдері? Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан.
- Қазақстан шекарасының ұзындығы? Сұрақ-тапсырма.
- Қазақстандағы саяси маңызы бар қала? Байқоңыр.
- Қазақстанда неше облыс бар? 14.
Қорытынды
Тілдесіп көкпен тауларың, жайқалды жасыл орманың. Алатау, Қаратауларым, елдікті бізге мұра етіп, ерліктің күйін толғадың. Салтанатымен сән құрған, елім бар бүгін жаңғырған — бақытым, ата мекенім!
Қазақстаным, мекенім — ынтымақ пен достықтың, кеңдік пен кемелдіктің даласын бабам мұра еткен. Соның бәрін жайқалтатын — түлек мен. Қалалар қанат жайып, ауылымды арай нұрға бөлейді.
Қазақстанымды қасиетті, сүйемін оны жүрекпен!
Осы сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайық.
Хормен: «Атамекен» әнін орындау.