Ертегіміз жаңа шағын сергітуімізде айтылып өткен ешкі мен түлкі туралы
Көркем әдебиет сабағы: жаңа технологияны пайдалану үлгісі
Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- Білім беру саласы
- Таным
- Бөлімі
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- «Түлкі мен ешкі» ертегісі
Мақсаты
Білімділік
Балалар ертегінің астарлы мәнін түсінеді. Орман аңдары мен үй жануарлары туралы білімдері кеңейеді. Жаңа технологияны қолданудың маңызын ұғынады.
Тәрбиелік
Көрнекіліктер арқылы қызығушылығы артады. Мазмұнға назар аудара отырып, жақсы мен жаманды ажырату түсінігі қалыптасады. Мәнерлеп оқуға көңіл бөлінеді.
Дамытушылық
Ойлау қабілеті дамиды, ұлттық тәрбиеден нәр алады.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Макет
- Түлкі мен ешкі мүсіндері
- Жабысқақ суреттер
- Интерактивті әліппе
Сабақ барысы
Мотивациялық-оятушылық
Түлкі жүр ғой алдап, майысып,
Бірақ өзі қу ғой.
Ешкі жүр секіріп, жарысып,
Бірақ өзі аңқау.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Бүгін біз ертегі әлеміне саяхат жасаймыз. Ертегіміз жаңа ғана сергіту сәтінде айтылған ешкі мен түлкі туралы болады.
Бірақ бұл жолы ертегіні бізге сиқырлы кітап пен сиқырлы қалам айтып береді. Ал мен сендерге оқиға қалай болғанын көрнекілік арқылы көрсетемін.
Тыңдалымнан кейінгі сұрақтар
- Балалар, біз қандаймыз: жақсымыз ба, әлде жаманбыз ба?
- Жақсы адам ешкіні құтқара ма?
- Екі суретке қараңдар: біреуінде орман, екіншісінде қора. Ешкі мен түлкіні тиісті орынға орналастырайық.
- Қайсысы — үй жануары, қайсысы — орман аңы?
Рефлексиялық-түзетушілік
Біреу келе жатқан сияқты... Ой, бұл — Шопан ата екен!
Тәрбиеші: Шопан ата, не іздеп жүрсіз?
Шопан ата: Бір секеңдеген ешкім бар еді, секеңдеп жүріп орманға кетіп қалыпты. Сол ешкімді іздеп жүрмін. Көрдіңдер ме?
Тәрбиеші: Атаның ешкісін қайтарып, ақ батасын алайық. Ешкіні береміз бе?
Бата
Бата — бата батпасын,
Батам жерде жатпасын.
Қолын жайған балалар
Қиындықтан қашпасын.
Аумин.
Шопан ата балаларға: мықты болу керек екенін айтып, ауылдың нағыз дәрумені — құрт ұсынады.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
Ертегіні толық меңгереді.
Қандай түсініктерді игереді
Үй жануары мен орман аңы туралы білімдері кеңейеді.
Дағдылар мен іскерліктер
Үлкенге көмектеседі, бата алуды біледі.
Мекеме және автор
- Ауданы
- Қорғалжын
- Мектеп
- Амангелді орта мектебі
- Орталық
- «Ақ тиін» шағын орталығы
- Дайындаған
- Серикова Назира Қайырбайқызы
Материал
«Түлкі мен ешкі» ертегісі (жүктеу үшін оқу материалы ретінде рәсімделеді).