Мемлекеттік тіліміз қай тіл

Атырау облысы Исатай ауданы Х. Наубетов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Нұрмашева Шарбану Насырқызы.

Тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш.

Бұл сабақ оқушылардың атамекенге, туған жерге және ел рәміздеріне деген құрметін арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді.

Мақсаты

  • Атамекенді, туған жерді қадірлеуге баулу.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Отансүйгіштік сезімді нығайту.

Көрнекілігі

  • Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
  • Қазақстан Республикасының рәміздері (Ту, Елтаңба, Гимн).
  • Өлеңдер және Лондон Олимпиадасы жүлдегерлерінің суреттері.

Әдісі

Әңгімелеу Сұрақ-жауап Көрсету Тыңдау

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сабақты бастау, оқушылардың назарын шоғырландыру, сыныптың дайындығын тексеру.

2) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті оқушылар! Бүгінгі Білім күніндегі алғашқы сабағымыз мемлекеттік рәміздер туралы. Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Гимн жатады.

Осы жылы Ата заңымызға — 17 жыл, мемлекеттік рәміздерге — 20 жыл.

3) Мемлекеттік Гимн туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Тыңдалым

Үнтаспадан Әнұран тыңдалады.

Талқылау сұрақтары

  • Әнұранда не туралы айтылады?
  • Әнұран қандай жағдайда орындалады?
  • Мемлекеттік Ту қандай жағдайда көтеріледі?
  • Мемлекеттік Ту қандай жағдайда төмен түсіріледі?

4) Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік Ту — тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек орналасқан. Бейнелердің түсі — алтын түсті.

5) Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңба авторлары — суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Елтаңбада шаңырақ бейнеленген. Оны айнала күн сәулесіндей тараған уықтар орналасқан, ал екі қапталын аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

6) Көрнекілікпен жұмыс

Мемлекеттік рәміздерге байланысты суреттер көрсетіліп, олардың мағынасы мен қолданылу жағдайлары түсіндіріледі.

7) Сұрақ-жауап (білімді тексеру)

  1. 1 Мемлекеттік рәміздерді ата.
  2. 2 Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
  3. 3 Қазақстанда қандай халықтар мекендейді?
  4. 4 Қазақстан байрағының түсі қандай?
  5. 5 Қазақстан байрағында не бейнеленген?

8) Қорытынды

Сабақты Оразқан Асқардың «Біздің елтаңба» өлеңі арқылы қорытындылауға болады. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұны түсіндіріледі және негізгі ұғымдар нақтыланады.

Оразқан Асқар — «Біздің елтаңба»

Алтын қанат көмкерген, Шаңырақ бар, уық бар. Әсем бейне сен көрген, Жай бейне емес, ұғып ал! Сүйсіндірген өзіңді Түсіне біл таңбаны. Аңыздағы ұшқыр, төзімді Пырақ — халық арманы.

Көгілдір түс аясы — Бейбіт дала елесі. Шаңырақ — жұрт панасы, Уықтар — күн сәулесі. Жоғарыда түсер көз Бес бармақты жұлдызға. Ал «Қазақстан» деген сөз, Таныс барлық ұл-қызға.

Мағыналы, сымбатты Бар осындай белгіміз. Маған, саған қымбатты Елтаңбасы ол — еліміз!

Сөздік жұмысы

Пырақ
Ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар.
Аңыз
Халық қиялынан туған оқиға.