Диалогпен салыстырыңдар

Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін қайталау (7-сынып)

Бұл сабақта оқушылар диалог пен монолог туралы бұрын алған білімдерін бекітіп, оны тапсырмалар барысында қолдану арқылы кеңейтеді. Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың ойын дәлелдеп айтуына, салыстыру мен талдау жасауына мүмкіндік береді.

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушылар сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері бойынша білімдерін тиянақтап, кеңейтеді.

Міндеттері (мазмұн)

  • Сөйлеу барысында диалог пен монолог туралы білімін өз жұмысына орынды қолданады.
  • Өткен сабақтан алған білім мен дағдыларды жүйелейді.

Міндеттері (сын тұрғысынан ойлау)

  • Салыстыру және талдау жасай алады.
  • Алған білімін жинақтап, қорытынды шығарады.

Міндеттері (топтағы жұмыс)

  • Жұпта және топта бірлесе жұмыс істейді.
  • Өз пікірін білдіруге және дәлелдеуге үйренеді.
  • Топтық жұмыс арқылы меңгерген ақпаратты қажетті жағдайда қолдануға дағдыланады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуды тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы қорытындыланады.

Мұғалім сөзі

Балалар, сендер сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерімен толық таныстыңдар. Бүгін жұпта және топта орындалатын әртүрлі тапсырмалар арқылы диалог пен монологты қайталаймыз. Себебі қайталау — оқу анасы.

I) Қызығушылықты ояту

309-жаттығу

  • Қожаның монологін мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар.
  • Монологты диалогпен салыстырыңдар.
  • Ата-ана туралы монолог жазыңдар.

II) Мағынаны тану

Кубизм стратегиясы — тақырыпты жан-жақты қамтып, әр қырынан қарастыруға мүмкіндік беретін тәсіл.

1) Суреттеңіз

Диалог пен монолог дегеніміз не? Мысалдармен дәлелдеңіз.

2) Салыстырыңыз

Диалог пен монологтың ерекшелігі неде? Дәлелдеңіз.

3) Қолданыңыз

Диалог және монолог құрастырыңыздар.

4) Ойыңызбен байланыстырыңыз

Әдебиет пәнінде өтілген шығармалардың ішінде диалог пен монолог бар ма? Еске түсіріңіздер.

5) Саралаңыз

Монолог қалай құралады? Өздеріңіз құрастырыңыздар.

6) Талқылаңыз

Берілген үзіндіден диалог пен монологты ажыратыңыздар.

Көрнекілік арқылы жұмыс

Көрнекілік әдісі арқылы диалог құрастыру: сынып 6 топқа бөлінеді, әр топқа сурет ұсынылады.

Ой толғаныс

Өтілген бағдарламалық материал жинақталып, қорытындыланады. Әр топ берілген тақырып бойынша семантикалық кестені толтырады.