Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Әдебиеттік оқу (2-сынып)

Тақырып

Үш арыстың үлгілері

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Бүктеме материалдар
  • Оқулық
  • Тірек сызбалар

Білімділік мақсаты

Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы — шешендік сөздерді түсіндіру. Үш бидің нақылдарын оқытып, мазмұнын меңгерту және таныстыру.

Дамытушылық мақсаты

Ой қозғай білуге, пікір айтуға және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты

Отанын, тілін құрметтеуге, жауапкершілікпен өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ақыл-ойын дананың Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты, Ақ сүтіндей ананың.

Топқа бөлу

  • I топ

    Төле би ауылы

  • II топ

    Қазыбек би ауылы

  • III топ

    Әйтеке би ауылы

II. Ой қозғау

Төле би

Бір бала әкесінен өтіп туады.
Бір бала әкесіне жетіп туады.
Бір бала кері кетіп туады.

Қазыбек би

Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз.

Әйтеке би

Кісімен бірге туыспау керек.
Туыскан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәле табады,
Жол қуған олжа табады.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Баға туралы шумақ

Егер 5 алсаң — бақыт берер ол сан. Егер 4 алсаң — досың сенің көп. Егер 3 алсаң — білімге сал күш. Егер 2 алсаң — болдың досқа күлкі.

Тапсырма: үйге берілген өтірік өлеңді әр «ауылдан» екі оқушыдан айту.

IV. Өткен сабақты пысықтау

Өтіп жатқан тарау: «Атадан қалған асыл мұра».

Осы тарауда танысқан халық шығармалары

  • Ертегілер
  • Мақал-мәтелдер
  • Жырлар
  • Жаңылтпаштар
  • Өтірік өлеңдер
  • Жұмбақтар
  • Аңыздар
  • Мысалдар
  • Шешендік сөздер

V. Жаңа сабақ

Бүгін халық шығармаларының бір түрі — шешендік өнермен танысамыз. Шешендік сөздер — терең оймен, шебер тілмен айтылған халық мұрасы.

Сұрақ: қазақтан шыққан қандай би-шешендерді білесіңдер? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Досбол, Жидебай.

Бидің қасиеттері

көпшіл ойшыл шешен заңгер батыр шыншыл әділ

Төле би

XVIII ғасырдағы ұлы тұлғалардың бірі — үйсін Төле би. Шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы Жайсаң жайлауында дүниеге келген. 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Ақбұрқан деген жерде тоқсаннан асып қайтыс болған.

Қазыбек би

1667 жылы Сырдария жағалауындағы ауылда туған. Жастық шағын Қаратау мен Ұлытау өңірінде өткізген. Елге жеті жасынан шешендігімен танылған.

Әйтеке би

Шын аты — Айтық. 1681 жылы туған. Кіші жүзден шыққан атақты шешен би. Ел тағдыры сынға түскен кезеңдерде билер кеңесінде бірге бас қосып, маңызды дауларды әділ шешуге атсалысқан.

«Жеті жарғы» туралы

Үш би бірлесе отырып, Қазақ хандығының мемлекет басқару жүйесін реттеген «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан. Бұл заңдар Әз Тәукенің тұсында, Күлтөбенің басында қабылданып, ел бірлігі мен әділдікті нығайтуды мақсат етті.

Ұлы жүз

Төле би

Орта жүз

Қаз дауысты Қазыбек би

Кіші жүз

Алшын Әйтеке би

VI. Мәтінмен және оқулықпен жұмыс

  • Мәтінмен жұмыс: «Үш арыстың үлгілері» шешендік сөздерін оқып, мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру.

  • Оқулықпен жұмыс: сахналық қойылым түрінде мәнерлеп оқу.

VII. Сұрақ-жауап

  1. Шешендік сөздерді айтқан кімдер?
  2. Билердің бейнесінен нені байқадыңдар?

VIII. Дәптермен жұмыс және сергіту

Анықтама

Шешендік сөздер — терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы.

Сергіту сәті

«Қарлығаш биі»

Венн диаграммасы (салыстыру)

Бұрынғы кезде (XVIII ғ.)

  • Хан
  • Би
  • Жеті жарғы

Ұқсастықтары

Халқымызда әділдік орнатуға қызмет еткен басқару және құқық жүйелері.

Қазіргі кезде (XXI ғ.)

  • Президент
  • Парламент
  • Ата заң

Топтық тапсырма: нақыл сөздерді түзету

Әр топ өз билеріне қатысты нақыл сөздердің жолдарын орын алмастырып, дұрыстап оқиды.

I топ (Төле би ауылы)

Дұрыс нұсқа

Өнерлімен болсаң, дос — Қиялыңды қозғайды. Ой-өрісі тар жігіт Ауылдан асып озбайды.

II топ (Қазыбек би ауылы)

Дұрыс нұсқа

Туып-өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жер қымбат.

III топ (Әйтеке би ауылы)

Дұрыс нұсқа

Ашу деген ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, Алдын тоссаң тоқырар.

IX. Сабақты бекіту

  1. Шешендік сөздерді айтқан кімдер?
  2. Ұлы жүздің биі кім?
  3. Орта жүздің биі кім?
  4. Қазыбек би нені «қымбат» деп бағалайды?

X. Бағалау

Топ ұпайларын санап, қорытынды баға қою:

  • Топ

    Төле би ауылы

  • Топ

    Қазыбек би ауылы

  • Топ

    Әйтеке би ауылы

XI. Үй тапсырмасы

«Үш арыстың үлгілері» мәтініндегі шешендік сөздерді жаттау.