Залдың ортасында сәнді шырша

Жаңа жылдық ертеңгілік: сценарий

Бұл мәтін — балабақшадағы Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктің көріністері, өлеңдер, диалогтар, ойындар және қорытынды құттықтаулар жинағы. Оқиға барысында балалар сәнді шырша жанында ән айтып, тақпақ оқып, ертегі кейіпкерлерімен кездеседі.

Шырша Аяз Ата Жалмауыз Кемпір Қоян мен Қасқыр Ойын: Балық аулау

Толық мәтін (өңделген нұсқа)

Ескерту: Рөлдер мен репликалар сақталды, грамматика мен тыныс белгілері түзетілді.

Кіріспе

Түрлі, түрлі, Жаңа жыл! Музыка ойнап тұрады. Залдың ортасында сәнді шырша.

Жүргізуші:

Даламызға, қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға жалынды сәлем береді.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, таңырқап та тұрмаңыздар —
Сәнді шырша шақырады, шырша жырын жырлаңыздар!

Келіңіздер, келіңіздер, биге билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгін бәрің сәнді киініп, ерекше әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары мен сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жиналып қалыпты.

Ал, балалар, бүгін қандай мереке?

Балалар:

Жаңа жыл!

Жүргізуші:

Жаңажылдық ертеңгілігіміздің ашылуына арналған құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Сәуле Сатыбалдықызына беріледі.

Ән мен шырша жайлы сұхбат

Жүргізуші:

Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып, жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап...»

Жүргізуші:

Балалар, ортамыздағы ең әсем не?

Балалар:

Шырша!

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді?

Темірлан:

Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.

Сезім:

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен біргеміз,
Орманға кеп жетеді.

Назым:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Өткен жыл иесі — мешін

Жүргізуші:

Балалар, біздің арамызға өткен жылдың иесі — мешін келіп тұр екен.

Алихан:

Жыл иесі — мешінмін,
Қалмайын деп кешігіп,
Ала таңнан ояндым.

Келер жылда көңілің
Былтырғыдай ақ болсын.
Мәнді болып өмірің,
Барлығыңа бақ қонсын!

Әмина:

Рахмет саған, өткен жыл,
Көп қуаныш төккен жыл.
Бесте едік, бір жылға
Бізді есейтіп кеткен жыл.

Жүргізуші:

Бізге көп қуаныш сыйлаған мешінді құрметпен шығарып салайық. Мына дауысты естідіңдер ме? Кім болуы мүмкін, балалар? Әрине, Аяз Ата! Ол сендердің ойыншықтарың мен сыйлықтарыңды алып келем деп, шаршап ұйықтап қалған шығар. Аяз Атаны оятайық!

(Балалар шапалақтайды.)

Аяз Ата, Жалмауыз Кемпір және мейірім сабағы

Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Құтты болсын Жаңа жыл!

Құтты болсын, балалар, келген Жаңа жылдарың! Алаңдамай өсіңдер, еркелеп қыз-ұлдарым. Өткен жылы келіп ем, бәріңді де көріп ем. Жыл өткізіп келем деп уәдемді беріп ем. Ойларың мен бойларың да бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін, айтыңдаршы. Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:

Аяз Ата!

(Осы кезде Жалмауыз Кемпір келеді.)

Жалмауыз Кемпір: Аха, Аяз Атаны көріп мәз болып тұрсыңдар ма? Ал Аяз Аталарынан сендерге арналған сыйлық бар ма деп сұрадыңдар ма?

Аяз Ата: Әй, зұлым кемпір, бүгінгі кештің шырқын бұзба. Тағы не бүлдіргің келіп тұр?

Жалмауыз Кемпір: Маған немере қызың керек. Бермесең, мына балаларға арналған сыйлықтарыңды бергізбеймін!

Аяз Ата: Сен мейірімділікті үйренсеңші. Міне саған сыйлық!

(Таяғымен түртіп қалады. Жалмауыз Кемпір мейірімді болып шыға келеді.)

Жалмауыз Кемпір: Мен көп қателік жіберіппін. Мені кешіріңдерші, балалар. Мен сендермен дос болайыншы.

Қоян, қасқыр және ойын

(Қоян келеді.)

Қоян: Аяз Ата, менің көжектерімді қасқыр ұрлап кетті. Табуға көмектесіңізші.

Жүргізуші: Балалар, көмектесеміз бе?

Ән: «Шырша жыры».

Балалар, аққаланың сәбізін кім ұрлады?

(Қасқыр келеді, балаларды қуалайды.)

Қасқыр: Мені ешкім қонаққа шақырмайды. Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Мен барлығына ашуландым. Менен бәрі қорқады... Бірақ мен мейірімді болғым келеді. Аңқаулығым да бар: ана қу түлкіге алданып қалдым. Аққаланың сәбізін ақ қояндарға беру үшін алдым.

Аяз Ата: Балалар, біреуден зат алғанда қандай сиқырлы сөз айтамыз?

Балалар:

Өтінемін. Рахмет.

Қасқыр, олай істеуге болмайды. Біздің балалардың айтқанын ұғып ал, енді қайталама. Қане, екеуіміз ойын ойнайық: егер сен ұтылсаң, қояндарды қайтарасың.

Қасқыр: Жарайды.

Ойын:

«Балық аулау»

(Қасқыр ұтылып, көжектерін қайтарып береді.) Жарайсыңдар, балалар!

Сыйлық тарату және қоштасу

Ата-аналар: Аяз Ата, Ақшақар, балалардың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз Ата: Ой-буй, ұмытшақ басым-ай! Әрине, қазір, қазір...

(Барлығына сыйлық үлестіріледі.)

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін қуанттыңдар: алыс жолдан шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлығың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киімдерің де қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?

Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық — басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(Қолдарын бұлғап, шығып кетеді.)

Балалар:

Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!

Барлығы:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз өз мәресіне жетті. Осындай керемет өтуіне атсалысқан ата-аналарға, әріптестеріме мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Автор туралы белгі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы — Бегимбетова Асел Болатовна.