Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымда
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (презентациямен)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау және ондық бөлшектерге амалдар қолдану дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық
Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, ауызша есептеу және ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өзіне сенімділікке және нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Қайталау сабағы
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, тест, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, кестелер, суреттер, топшамалар
Негізгі ой
Ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме кейін міндетті түрде қайталануы керек. Бұл — өткенді қайта еске түсіру емес, керісінше, ұмытып кетудің алдын алу».
Қайталау сұрақтары
«Алтын балықтар әлемі» бөліміндегі сұрақтар оқушылардың базалық түсініктерін жүйелеуге арналған.
-
1. Қандай сан ондық бөлшек деп аталады? Ондық таңба деген не?
-
2. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
-
3. Ондық бөлшектер қалай азайтылады?
-
4. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
-
5. Ондық бөлшектерді разряд бірліктеріне қалай көбейтеді?
-
6. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымда.
-
7. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
-
8. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000... разряд бірліктеріне бөлуді тұжырымда.