Сабақты етістікті тап

7-сынып қазақ тілі: жылдық жоспардан үзінді

Бұл материал 7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарының үлгісі ретінде берілді. Мақсаты — оқушылардың меңгерген білімін жүйелеу, тексеру және қайталау арқылы бекіту.

Тақырыптар тізімі

  • 46. Тест тапсырмалары
  • 47. Шығармашылық жұмыс
  • 48. Тоқсандық қайталау
  • 49. Етістіктің райлары
  • 50. Ашық рай

Сабақ жоспары: «Тест тапсырмалары»

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: қазақ тілі пәнінен алған білімдерін бекіту және жүйелеу.
  • Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар арқылы елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
  • Дамытушылық: бақылау жұмыстары арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Ұйымдастыру және тәсілдер

Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Әдістері
Сұрақ-жауап және қосымша тапсырмалар
Көрнекілігі
Тест парақшалары және т.б.
Пәнаралық байланыс
Тарих

Сабақ барысы (қысқаша)

  1. 1 Ұйымдастыру: амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. 2 Негізгі бөлім: тест тапсырмаларын орындау.
  3. 3 Бекіту: өткен тақырып бойынша қосымша сұрақтарға жауап беру, түсінбеген тұстарын нақтылау.
  4. 4 Бағалау: оқушылардың жауаптарына сәйкес білімін бағалау.
  5. 5 Үй тапсырмасы: қайталау.

Тест тапсырмалары (етістік тақырыбы бойынша)

Төмендегі тапсырмалар оқушылардың етістік түрлері туралы білімін тексеруге бағытталған. Әр сұрақта бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

1–5-сұрақтар

1. Күрделі етістікті тап.

  • A) уәде бер
  • B) айта бар
  • C) келе сал
  • D) айтып сал
  • E) барып қал

2. Туынды түбір етістікті тап.

  • A) қараған
  • B) байымайды
  • C) кеспейді
  • D) қадалды
  • E) батырыпты

3. Негізгі түбір етістікті тап.

  • A) ойлан
  • B) сана
  • C) шақыр
  • D) тазала
  • E) басқар

4. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

  • A) салт
  • B) сабақты
  • C) құранды
  • D) көмекші
  • E) құранды

5. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсет.

  • A) салт
  • B) сабақты
  • C) болымсыз
  • D) көмекші
  • E) құранды

6–10-сұрақтар

6. Болымсыз етістікті тап.

  • A) қалам бар ма
  • B) бұл — шығар ма
  • C) сабақтан қалма
  • D) қызық жарнама
  • E) атым Алма

7. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

  • A) болымды
  • B) күрделі
  • C) болымсыз
  • D) негізгі
  • E) туынды

8. Болымды етістікті тап.

  • A) Бет қаратар емес
  • B) Жалған айтып суыспа
  • C) Енді топтың ішін көрмек емес
  • D) Жүйрік алысқа шабады
  • E) Енді бұлай істемегейсің

9. Күрделі етістіктің қатарын белгіле.

  • A) балтала, ойлан, ақылдас
  • B) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады
  • C) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті
  • D) көңілден, ағар
  • E) жаздыртты, оқытты

10. Сабақты етістікті тап.

  • A) Келгеніне қатты қуанып еді.
  • B) Дала тіршілігі басталғалы тұр.
  • C) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.
  • D) Ғарышкер болғысы келеді.
  • E) Тәжірибесін үйретумен келеді.

Қорытынды бөлім

Білімді бекіту

Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады, түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі.

Білімді бағалау

Оқушылардың жауаптарына қарай білім деңгейі бағаланады.

Үй тапсырмасы

Қайталау.

Ескерту: материалдың толық нұсқасын қажет болған жағдайда кеңейтіп, тоқсандық жоспармен біріктіруге болады.