Ауызекі сөйлеу стилі тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс
Тақырып: ауызекі сөйлеу стилі бойынша мәтінмен жұмыс
Бұл сабақ ауызекі сөйлеу стилі туралы білімді бекітуге, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын талдауға, сондай-ақ оқушылардың топтық жұмыста өз ойын еркін әрі мәдениетті жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың түрі
Білімді пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдер
«Елші жіберу», «Шеңбер» әдістері
Көрнекіліктер
Қима қағаздар
Сабақтың мақсаттары
Білімдік: ауызекі сөйлеу стилі бойынша алған білімді пысықтау; мәтіннің құрылысы мен негізгі ойын талдату.
Дамытушылық: оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету; өз ойын еркін, нақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерді дамыту; дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қима қағаздарды тарату арқылы сұрақтарға жауап алынады:
- Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
- Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты қандай?
- Ауызекі стильдің қолданылу аясы қандай?
- Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік ерекшеліктері қандай?
- Ауызекі сөйлеу стилінің стильдік сипаты қандай?
III. Мәтінмен жұмыс
I топ
60-жаттығу
- Үзіндіден қандай стиль түрлерін тануға болады?
- Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.
II топ
61-жаттығу
- Мәтін стильдің қай түріне жатады?
- Дәлелдеңдер.
III топ
62-жаттығу
- Мәтінді пайдаланып, «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» тақырыбында ой толғаңдар.
«Елші жіберу» әдісі
Әр топтан бір оқушы келесі топқа «елші» болып барып, оқыған үзіндісінің мазмұнын айтып, түсіндіреді. Бұл жұмыс тыңдау, қысқа әрі нақты баяндау және дәлелдеу дағдыларын күшейтеді.
63-жаттығу
- Мәтінді оқып, стилін анықтау.
- Әр топ мәтіннен 1 абзацты бөліп алып, тақырып қояды және морфологиялық талдау жасайды.
«Шеңбер» әдісі
Оқушылар шеңбер құрып, өздері білетін әзіл әңгімелерін айтады. Талқылау сұрақтары:
- Әзілді айту барысында нені ескеру керек?
- Әзіл қандай стильде айтылды?
- Неліктен солай екенін түсіндіріңдер.
Кері байланыс
1) Маған ұнады
Сабақтағы ең пайдалы немесе қызықты тұс.
2) Маған қиындау болды
Қиындық тудырған тапсырма немесе кезең.
3) Маған оңай болды
Жеңіл әрі түсінікті болған бөлім.
4) Мұғалімге ұсыныс
Келесі сабақтарды жақсартуға арналған идея.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, мәтін талдауы, топтық жұмысқа қатысуы және пікір айту мәдениеті ескеріледі.
Үй тапсырмасы
64-жаттығу: «Ғалым да, шахтер де бас иетін» тақырыбында эссе жазу.
Мұғалім
Батешова Гүлжазира