Компьютердің зияны

Математика–информатика апталығы

9-сынып оқушыларымен өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

Бұл іс-шара математика және информатика апталығы аясында ұйымдастырылып, 9-сынып оқушыларының білімін саралап, логикалық ойлауын шыңдауға бағытталды.

Мақсаты

  • Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу.
  • Математика мен информатика пәндеріне қызығушылықты арттыру.
  • Жеңіске ұмтылдыру, ізденімпаздық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сайыстың ашылу сөзі

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар!

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы — математика мен информатика жайында ойын-сайысты бастаймыз!

Жас достарым, мұны жақсы ұғайық: математика мен информатика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәнін, табиғат пен қозғалысты есепсіз әрі компьютерсіз түсіну мүмкін емес.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!

Қатысушылар

Сайысқа 9-сыныптан 6 оқушы қатысты. Қатысушылар ортаға шақырылып, таныстырылды.

Әділқазылар алқасы

Ойынның әділ өтуі үшін әділқазылар алқасы сайланды.

Сайыс кезеңдері

I. Бәйге

Әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай берілді.

II. Полиглот

Жауапты тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару тапсырылды.

III. Ғажайып жетілік

Математика және информатика бойынша ұяшық деңгейіне сай сұрақтар беріліп, сәйкес ұпайлар қосылды.

IV. Шешендік өнер

Екі тақырыптың бірін таңдап, өз тұжырымын дәлелдеп қорғады.

V. Жорға

Соңғы қалған екі қатысушыға 10 сұрақтан қойылып, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай берілді.

I кезең: «Бәйге» сұрақтары

  1. 1.Алгоритм деген не?
  2. 2.Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі қалай аталады? (сәуле)
  3. 3.Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (3)
  4. 4.Паскаль тіліндегі арифметикалық амалдарды ата. (+ , − , * , / , div , mod)
  5. 5.Бұрыш өлшейтін құрал қалай аталады? (транспортир)
  6. 6.Бүкіләлемдік компьютерлер арасындағы байланыс қалай аталады? (интернет)
  7. 7.Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (периметр)
  8. 8.Тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема. (Пифагор теоремасы)
  9. 9.Таңбалары әр түрлі сандар қалай аталады? (қарама-қарсы сандар)
  10. 10.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады? (интерфейс)
  11. 11. Паскаль тілінде қандай қарапайым операторлар бар? (меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару, бос оператор, процедураларды орындау операторлары)
  12. 12. Жиым деген не? (бір атаумен белгіленіп, біріктірілген біртекті элементтер жиыны)

II кезең: «Полиглот» тапсырмалары

Әр жұмбақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын айту қажет болды.

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

кітап книга book

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.

сызғыш линейка ruler

Жиырма төрт батыр, бірін-бірі жеп жатыр.

дойбы шашки checkers

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

бір один one

Бізді қоршаған ортадағы мәліметтер тобы.

ақпарат информация information

Компьютердің басқару құрылғысы.

тышқан мышка mouse

... жылда ел жаңа.

елу пятьдесят fifty

III кезең: «Ғажайып жетілік» (ұяшық сұрақтары)

Математика

10 ұпай
Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
20 ұпай
Сағат 3:00 кезінде тілдер қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)
30 ұпай
y = x² функциясының графигі (парабола)
40 ұпай
Үш пар ат 60 км шапса, бір ат неше км шабады? (60 км)

Информатика

10 ұпай
Паскаль тіліндегі программа қандай түйінді сөзбен басталады? (program)
20 ұпай
Арифметикалық өрнек деген не? (амал таңбаларымен біріктірілген тұрақтылар, айнымалылар, функциялар жиынтығы)
30 ұпай
Арифметикалық цикл деген не? (қайталану саны алдын ала белгілі цикл)
40 ұпай
Жиымның параметрлері қандай? (типі, өлшемі, көлемі)

IV кезең: «Шешендік өнер»

Оқушыларға екі тақырып ұсынылып, әрқайсысы өз көзқарасын дәлелдеп қорғады:

1) Компьютердің зияны

Денсаулық, уақытты басқару, тәуелділік және ақпараттық қауіпсіздік аспектілері талқыланды.

2) Компьютердің пайдасы

Білім алу, шығармашылық, жылдам есептеу, байланыс және деректермен жұмыс мүмкіндіктері айтылды.

V кезең: «Жорға» (жылдам сұрақтар)

Соңғы қалған екі қатысушыға 10 сұрақтан қойылды. Жылдам әрі нақты жауап берген оқушылар жоғары ұпай жинады.

1-оқушыға арналған сұрақтар

  1. 1.Div қандай амал? (бүтін бөлу)
  2. 2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (шаршы)
  3. 3.Вирустарды жоятын программа. (антивирус)
  4. 4.Қиылыспайтын түзулер. (параллель)
  5. 5.Шартты соңынан тексеретін цикл операторы. (repeat ... until)
  6. 6.Программа орындалғанда мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар. (тұрақты)
  7. 7.Паскальда түбір астындағы x-тің жазылуы. (sqrt(x))
  8. 8.Таңдау операторы. (case)
  9. 9.Сипаттау бөлімі қандай түйінді сөзбен басталады? (var)
  10. 10.Сыбайлас бұрыштардың біреуі 40° болса, екіншісі неше градус? (140°)

2-оқушыға арналған сұрақтар

  1. 1.Mod қандай амал? (бүтін қалдықты табу)
  2. 2.Алгоритмнің қайталанып орындалуы. (циклдік алгоритм)
  3. 3.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
  4. 4.Компьютердің «миы». (процессор)
  5. 5.Алгоритмнің тізбектеле орындалуы. (сызықтық алгоритм)
  6. 6.Операторлар бөлімі қандай түйінді сөздердің арасына орналасады? (begin, end)
  7. 7.2 санының алтыншы дәрежесі. (64)
  8. 8.Принтер қандай құрылғы? (ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы)
  9. 9.Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады? (4-буын)
  10. 10.«Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)

Қорытынды

Сайыс соңында нәтижелер шығарылып, қатысушылар марапатталды. Ойын оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімін жүйелеуге және жылдам ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.