Оқушыларға тақпақты хормен оқыту

Атырау облысы, Исатай ауданы

Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Шарбану Нұрмашева Насырқызы.

Сабақтың тақырыбы

Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: Ө дыбысы және әрпімен таныстыру; айтылу ерекшелігін түсіндіру және жазылу жолын үйрету.
  • Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: көркемдікке, әдептілікке баулу.

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, танымдық ойлау, талдау, топтау, интерактивті жұмыс.

Ұйымдастыру және ресурстар

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану.

Техникалық құрал

Компьютер, мультимедиялық кешен.

Көрнекіліктер

Ө әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, текшелер, кеспе әріптер және т.б.

Сабақта меңгерілетін сөздер

өрмекші өрік шөп төл өріс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қара, достым, жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?

2) Өткен сабаққа шолу

«Буын ұстау» ойыны

Шарты: доппен ойналады. Мұғалім бірінші буынды айтады, допты алған оқушы сөзді аяқтайды.

  • Ән — ші
  • Дә — рі
  • Ә — теш

Сұрақ-жауап

«Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?» — дауысты, жіңішке.

Жауапты текшелер арқылы көрсету.

3) Жаңа сабақ

Ой шақыру: жұмбақ

Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ.

Балалар «ө» дыбысын табады. «Шөл», «көл» сөздеріне дыбыстық талдау жасалады. Осылайша бүгінгі жаңа тақырып: Ө дыбысы мен әрпі.

Көрнекілікпен таныстыру

  • Ө әрпінің баспа және жазба түрлері.
  • Ө әрпі О әрпіне ұқсайды.

«Сөз ойла, көп ойла» ойыны

Ө әрпінен басталатын сөздерді жылдам айту:

өріс өгіз өрік өрмекші өшіргіш өзен

Жаңа сөздермен жұмыс

  • сөлшөл
  • төл — жаңа туған малдың баласы
  • өмір, өріс, өңір

Сөздерге түсінік беріліп, хормен айтқызылады.

«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау

Буынға бөлу: Өр — мек — ші. Оқушылар текшелер арқылы дыбыстарды көрсетіп отырады.

4) Сергіту сәті

«Шөжелерім» әні.

5) Оқулықпен жұмыс

  1. 1 «Шырын» сөзіне тоқталу.
  2. 2 «Шырын» тақырыбы бойынша мазмұнды суретке қарап әңгіме құрастыру.
  3. 3 Мұғалім мәтінді оқиды; дәмді, тәтті сөздерін қышқыл, ащы, тұщы сөздерімен мағыналас қатарда түсіндіреді.

Оқушыларға мәтінді оқыту

Мәтінді кезекпен немесе жеке-жеке оқиды.

6) «Ойлан, тап!» ойыны

Жұмбақ 1

Бір әріп бар, кей бала
Айтамын деп бүлдірген.
Оқи алмай шүлдірлеп,
Жолдастарын күлдірген.

Жауабы: Р

Жұмбақ 2

Жұмыртқадай дөңгелек,
Кетпейді бірақ дөңгелеп.

Жауабы: О

Жұмбақ 3

Әлде толған Ай ма екен,
Әлде үрген шар ма екен?
Белінде бар белдігі,
Бұндай әріп бар ма екен?

Жауабы: Ө

7) Жазу жұмысы

Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.

  1. 1 Ауада жазу.
  2. 2 Тақтаға жазу: Ө ө
  3. 3 Үлгі дәптерге жазу.

8) Тақпақ

Мультимедиялық кешен арқылы тақпақты оқу.

Ө — дегенім, өрік,
Өрікті ал, теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп.

Жұмыс түрлері

  • Тақпақты хормен оқу.
  • Тақпақтың мазмұнын талқылау: не туралы, жаңа әріп кездесті ме?

Сөздік жұмыс

Өрік — тәтті жеміс.

9) Қорытындылау: «Паровоз» ойыны

Ойын тәртібі: оқушылар төртбұрыш орындарына дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптерді қойып, сөздерді оқиды.

Мысал

Ор → өр

Мысал

оң → өң

Мысал

тол → төл

10) Бағалау

Жақсы жауап берген оқушыларға жұлдызшалар таратылады.

11) Үй тапсырмасы

  1. 1 «Шырын» мәтінін оқу.
  2. 2 «Дәмді», «тәтті» сөздеріне буындық және дыбыстық талдау жасау.