Сен бақытты, атам қазақ баласы
Сабақтың тақырыбы
Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңі.
Білімділік
- Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
- Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту.
- Тақырыбы мен идеясын ашуға, теориялық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорды байытып, тіл мәдениетін арттыру.
Тәрбиелік
- Отансүйгіштікке баулу.
- Сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу.
- Адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Көрнекіліктер
Слайд, видео, карта, оқулық, суреттер.
Сабақ форматы
- Сабақ түрі: білімді жетілдіру, жеке қабілетті дамыту.
- Әдістері: сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық (ұран-өлең):
Болашақтың гүліміз,
Жарқын біздің үніміз.
Достық, байлық мекені —
Біздің туған еліміз.
II. Үй тапсырмасы: «Ой қозғау»
Тақырып: «Он алтыншы желтоқсан» (Қайраттың жазу дәптерінен).
- Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
- Бұл күн қандай мереке?
- Мәтінде қорқақтық туралы не айтылады? Сенің пікірің қандай?
- Қ. Рысқұлбеков «асыл міндет» деп нені меңзейді деп ойлайсың?
- Қ. Рысқұлбековті ісі мен сөзіне сүйеніп сипаттап көр.
«Жұлдызым жарқыра» ойыны
- Батыр
- Халық қаһарманы
- Қайсар рухты
- Отансүйгіш
- Ақын
Талқылау сұрағы
Тәуелсіздік десе, ойымызға не келеді?
- Отан
- Қазақстан
- Туған ел
III. Жаңа сабақ: Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңі
Ұлы тұлға
Қасым Аманжолов (1911–1955) — қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.
- 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
- Мұғалімдік мамандықты таңдаған.
- Өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударған аудармашы.
- 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Өлеңнен үзінді
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті, киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Сөздік жұмысы
- Балқаш
- Балқаш көлі және оның маңындағы қала.
- «Қас тағдырдың қиқаңы»
- Тағдырдың ауыр сыны, қиындықтың ауыртпалығы.
Оқулықпен жұмыс
1)
Өлеңді мәнерлеп оқу.
2)
Іштей оқу.
3)
Тізбектей оқу.
4)
Жеке мәнерлеп, тұтас оқу.
Сергіту сәті
Біз бақытты баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Топтық жұмыс
I топ
«Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
II топ
Ақынның қуанышы мен шаттығын білдіретін өлең жолдарын тауып, оқыңдар.
III топ
Ақын неге қуанады, неге шаттанады?
Бірге ойланайық: тақырыпты бекіту
Негізгі тірек ұғымдар
- Жеріміз
- қасиетті, киелі
- Қазақпыз
- кең далалы, кең пейілді
- Ел намысы
- ешбір жауға берілмейді
- Азат
- жігіт, қыз — еркін жан
Сұрақ
«Қазақстан» сөзін қандай сөздермен алмастыруға болады?
- Туған жер
- Отан
- Атамекен
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Қазақстан туралы шағын шығарма жазу.
Бағалау
7–8 оқушының жұмысы бағаланады.