Нашар көңіл

Сыныбы: 8 Сынып сағаты Ойын + сайыс

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және болашақ мамандық туралы түсінігін тереңдету.
  • Мамандық әлемінің алуан түрлілігі мен еңбектің маңызын ұғындыру.
  • Мамандықтарға сипаттама беріп, қыр-сырымен таныстыру.
  • Еңбексүйгіштікке, дұрыс таңдау жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Мамандықтарға қатысты суреттер
  • Мамандық атауы жазылған карточкалар
  • Слайд (презентация)

Әдіс-тәсілдер

  • Тест тапсырмалары
  • Карточкамен жұмыс
  • Пікірталас және ситуациялық тапсырмалар
  • Шығармашылық жұмыс (эссе)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.

II. «Мамандықтың бәрі жақсы» (ойын, сайыс)

Сынып сағаты сайыс форматында өтеді. Әр оқушы өз ойын ортаға салып, өмірден түйгенін, білімін және көзқарасын бөліседі.

1) «Білімді мыңды, білікті бірді жығады»

Білім сайысы (тест және жылдам сұрақтар).

2) «Тапқыр болсаң тауып көр»

Мамандыққа сәйкес қасиеттерді анықтау.

3) «Маман иесі – психолог»

Оқушының жан дүниесін түсіну: көңіл күйді ажырату тапсырмасы.

4) «Егер осы маман иесі болсам!»

Ситуациялық тапсырмалар арқылы шешім қабылдау.

5) Шығармашылық жұмыс: «Кім боламын?»

Әр оқушы өзі қалаған мамандық туралы эссе жазады.

III. Қорытынды бөлім

Сабақ соңында «жақсы маман болу» ұғымын талдап, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау үшін білімнің, еңбекқорлықтың және өз қабілетіңді танудың маңызын қорытындылаймыз.

Оқушылардың пікірлері

Атабекова Іңкәр

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ әр мамандықтың өз талаптары бар. Кез келген мамандықты игеру үшін икемділік қажет: бұл тек күнкөріс емес, үлкен өнер мен жақсы шеберлікті талап етеді. Жақсы маман болу үшін, ең алдымен, өзің таңдаған істі сүюің керек және сол мамандықтың қыры мен сырын терең меңгеру қажет. Сондай-ақ мамандық таңдағанда өз бейіміңе сай жолды таңдасаң, өзіңе де, елге де пайдаң тиеді. Қабілеті мен бейімділігіне қарай маман болған адамның еңбегі өнімді әрі берекелі болады. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде мақсатқа жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты дұрыс таңдай білейік.

Қалиева Жайнар

Менің ата-анам қарапайым адамдар. Біздің отбасымызда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан кәсіп бар деп айта алмаймын. Мен заң қызметкері болуды қалаймын. Себебі елімізде болып жатқан көптеген жағдайлар мені алаңдатады: ашылмай жатқан қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, кейбір әділетсіздіктер және басқа да мәселелер.

Билашев Жанесен

Адам өзін белгілі бір мамандыққа нақты қай уақыттан бастап дайындауы керек екенін кесіп айту қиын. Кейбірі ес білгеннен-ақ бір мамандықты ұнатып, соның иесі болуды мақсат етеді. Ал енді біреулер жағдайына қарай ата-анасының немесе жақындарының ықпалымен таңдайды. Тағы біреулер ата-бабасынан келе жатқан кәсіпті жалғастырады. Әзірге мен қай мамандықты игеретінімді нақты шешкен жоқпын.

Сайыс тапсырмалары

I. Тест

Оқушылар 1–3 тапсырма бойынша өзін-өзі бағалайды. Жауаптар тақтада көрсетіледі.

  1. 1) Жер бетінде қанша мамандық түрі бар?

    A) 3000   B) 3200   C) 3400

  2. 2) Мамандықты Климов неше типке бөлді?

    A) 2   B) 3   C) 5

  3. 3) Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіруі керек?

    A) тәрбиелік   B) өзін-өзі ұстай білу   C) шешім қабылдай білу   D) барлығы дұрыс

  4. 4) Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?

    A) маман   B) мамандық   C) кәсіпкер

  5. 5) Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?

    A) адам–адам   B) адам–белгі   C) адам–техника

  6. 6) «Адам–табиғат» типіне жататын мамандық:

    A) ұста   B) тігінші   C) агроном

  7. 7) Ұстамдылық қай кәсіп иесіне көбірек тән?

    A) суретші   B) сатушы   C) әнші

  8. 8) Малшыға қандай талап қойылады?

    A) шебер   B) күш иесі   C) шыдамды

  9. 9) Қорлық келісім, сауда және биржалық келісім жасағанда делдал болатын адам:

    A) дилер   B) брокер   C) маклер

  10. 10) Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?

    A) үстірт қарау   B) ұсақшылдық   C) әлсіздік   D) көп сөйлеу   E) бәрі дұрыс

II. Сәйкестендіру тапсырмасы

Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді? Дұрыс жауаптарды сызықпен байланыстырыңыз.

Мамандықтар

  • Тренер
  • Дәрігер
  • Мұғалім
  • Журналист
  • Механизатор
  • Құрылысшы
  • Заң қызметкері
  • Өнер иесі

Қасиеттер

  • тапқыр
  • әділ
  • өте ақылды
  • шыдамды
  • өз мамандығын жетік біледі
  • ой-өрісі жоғары
  • мейірімді
  • мәдениетті

III. «Сіз психологсыз» тапсырмасы

Сыныпқа психолог маман келді делік. Оқушылардың көңіл күйі әртүрлі. Сіз оны қалай ажыратар едіңіз?

Көңіл күй түрлері

Бейжай1 Өшпенділік2 Көңілді3 Өте ашулы4 Уайым5 Жасырын қуаныш6 Нашар көңіл7 Ашулы8 Өте қуанышты9 Терең қайғы10 Ұнатпау11 Қайғы12

IV. Ситуациялық тапсырмалар

«Егер мамандық иесі болсаң, не істер едің?» Әр жағдайға қысқа әрі негізді шешім ұсыныңыз.

Дәрігер

Науқас сіз қойған диагнозбен келіспейді. Қандай шешім қабылдайсыз?

Мұғалім

Сабаққа ата-аналар қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрағанда, бірде-бір оқушы дайын емес. Не істейсіз?

Әнші

Сахнада ән айтып тұрсыз, ал көрермен ұйықтап отыр. Қалай әрекет етесіз?

Журналист

Мақалаңыз біреулерге ұнамай, сізге ескерту жасап, қорқытты. Не істейсіз?

Тігінші

Жақсы матадан көйлек тігуге тапсырыс алдыңыз. Тігу барысында мата бүлінді. Тапсырыс беруші ренжіп, матаны тауып беруді талап етеді. Қалай жауап бересіз?

Аспаз

Клиент тағамға көңілі толмай, қайтарып әкеліп, ақшасын сұрады. Сіздің жауабыңыз?

Жүргізуші

Алыс жолдан шаршап келіп, демалып жатырсыз. Досыңыз келіп, бір жерге апарып тастауды өтінді. Не деп жауап бересіз?

V. Шығармашылық жұмыс

«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазыңыз. Әр оқушы өзі қалаған мамандығын негіздеп сипаттайды.

Жүректен жүрекке

Ж. Баласағұн — еңбек туралы

Басың көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарман оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін.

Нақыл сөздер

  • «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.»

  • «Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.»

  • «Ерте тұрып, кеш жат — ұйқың қанады; ерте тұрған ердің бағы жанады.»

Қорытынды және жылы лебіз

Бүгінгі сайыс түріндегі сынып сағатында жақсы маман иесі болу үшін көп оқу, өз қабілетіңді тану және таңдаған ісіңе жауапкершілікпен қарау қажет деген ойға келдік. Сабақ соңында бір-бірімізге сәттілік тілеп, «Алақан сипау» ойынын ойнаймыз: сол жағындағы сыныптасының алақанын жеңіл сипап, бір мақтау сөз және бір тілек айтады. Бұл жаттығу сыныптағы татулық пен өзара қолдауды күшейтуге бағытталған.