Интербелсенді әдіс - тәсілдер қолдану арқылы мәтін және қосымша деректермен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақстан тарихы, 7-сынып

Сабақ тақырыптары

  • ХІҮ–ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
  • Қазақ хандығының құрылуы

Тақырыбы

ХІҮ–ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

Мақсаты

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мәтін және қосымша деректермен жұмыс арқылы жаңа тақырыпты оқушылардың өздігінен меңгеруіне жағдай жасау. Тақырыпты ашып, қазіргі өмірмен байланыстыру.

Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға, ойын еркін әрі дәлелді айтуға дағдыландыру. Өнерге қызығушылығын арттыру, жұптық жұмыста өзара сыйластық қалыптастыру және өзгенің пікірін бағалауға үйрету.

Негізгі екпін

Өздігінен оқу Қазіргі өмірмен байланыстыру Дәлелді пікір Жұптық жұмыс Өзара сыйластық

Күтілетін нәтиже

  • Жұппен жұмыс жасау дағдылары дамиды.
  • Басқалардың пікірін тыңдай білу және құрметтеу мәдениеті қалыптасады.
  • Интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздігінен меңгеріп, ойын ашық айтуға және дәлелдеуге дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сергіту және белсендіру

  • «Екі шындық, бір өтірік» сергіту тапсырмасы
  • Кері байланыс: «Сұрақты қағып ал»

Түсіну және талдау

  • Бағдаршам арқылы бағалау
  • INSERT әдісі
  • «Сұхбаттасатын жұп» әдісі (жұппен жұмыс)
  • «Дейін–кейін» стратегиясы

Көрнекіліктер (ресурстар)

Карта

Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы

Суреттер

Түрлі-түсті иллюстрациялар: киіз үй, ұлттық киімдер

Кесте

«Дейін–кейін» стратегиясының кестесі

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың белсенділігін арттыру

Өзара және мұғаліммен қарым-қатынасты нығайту, өткенді еске түсіру және қайталау мақсатында «Екі шындық, бір өтірік» сергіту жаттығуы ұйымдастырылады.

Сыныпқа сұрақ

«Рухани және материалдық мәдениет дегеніміз не?»

Оқушылардың айтқан әрбір пікірі тақтаға жазылып, негізгі ұғымдар жинақталады.

Стратегиялар мен әдістерді енгізу

  • «Дейін–кейін» стратегиясының мақсаты түсіндіріліп, үлестірме материал таратылады.
  • INSERT әдісінің жұмыс тәртібі түсіндіріледі.
  • «Сұхбаттасатын жұп» тапсырмасы түсіндіріліп, жұппен жұмыс ұйымдастырылады.