Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру
Сам мектеп – балабақша кешені КММ
Пән мұғалімі: Бәтімова Қ. • Пәні: Физика • Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы.
Білімділік
Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру; жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін атау; Джоуль–Ленц заңы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Оқушылардың білімге ынтасын, ықыласын және қызығушылығын арттыру; еркін әрі жан-жақты тұлғаны дамыту.
Тәрбиелік
Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Физикалық құралдар
Әдіс-тәсілдер және байланыс
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс: химия, биология
Үй тапсырмасын тексеру және «Есіңе түсір»
Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
- 1. Электр тогы дегеніміз не?
- 2. Ток күші дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігін атаңыз.
- 3. Тізбек бөлігіндегі ток күші дегеніміз не?
- 4. Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?
- 5. Жылу алмасу дегеніміз не?
- 6. Кернеу дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігін атаңыз.
- 7. Кедергі дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігін атаңыз.
- 8. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
- 9. Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз не?
Жаңа тақырыпқа кіріспе сұрақтар
Кернеу
Кернеудің формуласы қандай?
Ток күші
Ток күшінің формуласы қандай?
Қуат
Қуат қандай әріппен белгіленеді?
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы
Электр тогының жұмысы
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері арқылы байқаймыз. Осы әсерлердің нәтижесінде электр тогының көзі жұмыс атқарады.
Мысалы, ток өткізгіштен өткенде ол қызады, нәтижесінде өткізгіштің ішкі энергиясы артады. Бұл арту ток жұмысының есебінен жүреді.
Негізгі өрнек
A = qU
Электр өрісі зарядты кернеу арқылы орын ауыстырғанда жұмыс атқарады.
Ток күші арқылы
Ток күші: I = q / t. Сондықтан:
A = IUt
Ом заңы бойынша түрлендіру
A = IUt
Ток күші, кернеу және уақыттың көбейтіндісі.
A = I²Rt
Ом заңы (U = IR) арқылы алынған түрі.
Өлшем бірлік (ХБ)
Жұмыс джоульмен өлшенеді:
1 Дж = 1 А · 1 В · 1 с
Тәжірибедегі бірліктер
- 1 Вт·сағ = 3.6×10³ Дж
- 1 кВт·сағ = 10³ Вт·сағ = 3.6×10⁶ Дж
Құралдар
- Токтың жұмысын өлшейтін құрал: электр есептегіш.
- Ток қуатын өлшейтін құрал: ваттметр.
Қуаттың анықтамасы
Қуат — жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама.
Джоуль–Ленц заңы
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Онда бөлінетін жылу мөлшері:
ЗАҢНЫҢ ФОРМУЛАСЫ
Q = A = I²Rt
Яғни, өткізгіштегі ток бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың өту уақытына пропорционал.
Тарихи дерек
Заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж. Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э. Х. Ленц ашқан.
Қолданылуы
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық және өнеркәсіптік жылу қондырғыларында кең қолданылады: электр шамдары, өлшеу техникасы, аспаптар, электрлік дәнекерлеу және басқа да көптеген салалар.
Сергіту: психологиялық тренинг
«Өз жұлдызыңды тап»
- 1 Көздеріңізді жұмыңыз да, жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіз.
- 2 Аспанға мұқият қарап, өзіңізге ұнаған бір жұлдызды таңдаңыз.
- 3 Қолыңызды созып, мақсатқа жету үшін бар күш-жігеріңізбен сол жұлдызға қол жеткізіңіз.
- 4 Жұлдызды абайлап түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз. Енді көзіңізді ашыңыз.
- 5 Қолыңыздағы жұлдызды Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеу кезеңіндегі мүмкіндіктеріне арнаңыз. Жоғары сапалы білім алу үшін осы сәтті тиімді пайдалануға ниет білдіріңіз.
Есеп шығару
Төмендегі есептерді шығарыңыз. Қажет болса, A = IUt және Q = I²Rt формулаларын қолданыңыз.
1-есеп
Қалта фонары шамының кернеуі U = 3.5 В, ал ток күші I = 0.28 А. Осы шамда электр тогы t = 5 минут ішінде қандай жұмыс атқарады?
2-есеп
Резистордағы ток күші I = 10 мА, ал кедергісі R = 1 кОм. t = 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?
3-есеп
Кедергісі R = 1 кОм резисторды кернеуі U = 100 В тізбекке қоссақ, t = 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Үйге тапсырма
Оқулық
§ 42. Оқулықтағы 152-беттегі эксперименттік тапсырмаларды орындау.
№6 эксперименттік тапсырма
Үйіңіздегі электр энергиясы санауышының көрсеткішін бүгін қағазға түсіріңіз. Келесі күні қайта жазып, бір тәулікте жұмсалған электр энергиясының мөлшерін және құнын есептеңіз. Бір айдағы тұтыну мөлшері мен оның құны қандай болатынын анықтаңыз.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, есептерді шығару барысы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.