Саңырауқұлақтың құрылысы
Сабақ барысы
Бұл сабақ жарыс формасында ұйымдастырылады: оқушылар топтар бойынша тапсырмаларды орындап, өз білімдерін нақтылап, жүйелейді.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты түгендеу.
- Сабақтың мақсаты мен ережесін түсіндіру.
1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр
Әр қатарға берілген сөйлемдердегі негізгі ұғымдарды дұрыс толықтырыңыз.
І қатар
4 сөйлем- Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым — микология.
- Қоректенуіне қарай саңырауқұлақтар паразит және сапрофит болып бөлінеді.
- Саңырауқұлақ спораларын бунақденелілер таратады.
- Ақұнтақ саңырауқұлағы қара және күздік бидайды, арпаны зақымдайды.
ІІ қатар
4 сөйлем- Саңырауқұлақтардың негізгі мүшелері — қалпақ және түбіртек.
- Ағаштарды бүлдіретін саңырауқұлақтар діңқұлақ деп аталады.
- Саңырауқұлақ жіпшелері ағаштардың тамырымен селбесіп, микориза түзеді.
- Біржасушалы саңырауқұлақтарға ашытқылар және кейбір зең саңырауқұлақтары жатады.
ІІІ қатар
4 сөйлем- Саңырауқұлақтардың қор заты — гликоген.
- Зең саңырауқұлақтарына пеницилл және аспергилл жатады.
- Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда споралар жетілетін қапшық спорангий деп аталады.
- Медицинада пенициллдің кейбір түрлерінен пенициллин дәрісі алынады.
2-тапсырма. Суретке назар аудар: құрылысын ата
Әр қатарға берілген сурет бойынша бөліктерін атап, қысқаша түсіндіріңіз.
І қатар — Мукор саңырауқұлағы
Құрылымы- 1. Жіпшумақ
- 2. Спора түзілуі
- 3. Жыныстық жолмен көбеюі
ІІ қатар — Қалпақшалы саңырауқұлақ және микориза
Құрылымы- 1. Қалпақ
- 2. Қалпақ асты
- 3. Белдеуше (сақина)
- 4. Түбіртек
- 5. Түбіртек жіпшелері
- 6. Жіпшумақ
- 7. Жіпше
Қосымша: 2-суретте микориза көрсетілген.
ІІІ қатар — Қынаның ішкі құрылысы
Құрылымы- 1. Балдыр жасушасы
- 2. Саңырауқұлақ жіпшумағы
Қосымша: 2-суретте киіз қына берілген.
3-тапсырма. «Артық саңырауқұлақты» анықта және себебін түсіндір
Әр қатарда берілген атаулардың ішінен біреуін «артық» деп таңдап, неліктен екенін дәлелдеңіз.
Жиынтық 1
Майқұлақ, жерқұлақ, шыбынжұт, бүріскі, түлкіжем
Жауап үлгісі: шыбынжұт — улы саңырауқұлақ.
Жиынтық 2
Қозықұйрық, тайтұяқ, майқұлақ, түбіртек, ақ саңырауқұлақ
Жауап үлгісі: тайтұяқ — паразит саңырауқұлақ (қалғандары тағамдық/орман саңырауқұлақтары ретінде қарастырылады).
Жиынтық 3
Бүріскі, түбіртек, көңілкеш, діңқұлақ
Түсіндірме: көңілкеш — улы саңырауқұлақ.
Түсіндірме: діңқұлақ — паразит саңырауқұлақ.
4-тапсырма. Сызбаны толықтыр
Төмендегі бағыттар бойынша қорытынды жасаңыз: 1) қоректенуі, 2) пішіні, 3) қолданылуы.
І қатар — Өсімдік пен жануарға тән белгілер
Өсімдіктерге тән
- Бір орыннан қозғалмайды.
- Тіршілік еткен уақыт бойы өсе береді.
- Тарамдалады.
- Жасушасында қалың қабықша болады.
- Бүкіл денесімен сорып қоректенеді.
Жануарларға тән
- Хлоропластары болмайды.
- Дайын органикалық заттармен қоректенеді.
- Жасуша қабықшасы нәруызды-хитинді болады.
- Қор заты — гликоген.
ІІ қатар — Қыналардың пішіндері
Қыналар пішініне қарай үш топқа бөлінеді.
1) Қабыршақты қына
Ағаш діңіне немесе тасқа жабысып өседі. Сары, сары-қызыл, сұр, көгілдір, қоңыр реңкті жұқа қабыршақ тәрізді болады.
2) Жапырақ тәрізді қына
Пішіні жапыраққа ұқсайды. Көбіне орманда ағаш діңіне жабысып өседі.
3) Бұта тәрізді қына
Қарағайлы орманда төсемікте өседі, түсі ақшыл-жасыл болады.
ІІІ қатар — Саңырауқұлақтарды қолданылуына қарай бөлу
Қолданылуына қарай саңырауқұлақтар екіге бөлінеді: жеуге жарамды және улы.
Жеуге жарамды
Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, ақ саңырауқұлақ, қайың саңырауқұлағы, күзгі түбіртек.
Улы
Бозарамқұлақ, сұр және қызыл шыбынжұт, көңілкеш, жалған түлкіжем, жалған түбіртек.
Қосымша жіктеу (нөмірлер бойынша)
- Қына: 1, 3, 5, 7
- Біржасушалы саңырауқұлақтар: 4, 7, 9, 11, 13
- Қалпақшалы саңырауқұлақтар: 2, 6, 8, 12, 14
Бағалау
Әр оқушы бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалайды. Топтық жұмыс нәтижесі мен белсенділігі ескеріледі.