Қамқоршы болып орманға, Орманды бәрің қорғаңдар

Тәрбие сағаты: «Табиғатты танып, білейік!»

Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде осы тәрбие сағатының үлгісін ұсынамын. Сабақтың мазмұны оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мақсаты

  • Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.
  • Өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін ортаға салуға жағдай жасау.
  • Табиғатты сүюге, қорғауға, Табиғат-Анаға мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
  • Бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер, суреттер, слайд материалдары, кітап көрмесі.

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ.»

«Ексең ағаш аялап, болады саған сая бақ.»

«Қамқоршы болып орманға, орманды бәрің қорғаңдар!»

«Бір тал кессең, он тал ек!»

Тәрбие сағатының барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптық жұмыс

Мұғалім: Қайырлы күн, балалар! Таңертең оянған бойда терезені ашып, Табиғат-Анаға көз саламыз. Бүгін табиғат бізді несімен қуантты, бізге нені меңзейді?

Ендеше, сендерді бүгін Табиғат-Анаға арналған танымдық саяхат-сайысқа шақырамын. Келісесіңдер ме? Бүгінгі тақырыбымыз: «Табиғатты танып, білейік!»

Табиғат — адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат — сұлулықтың таусылмас көзі.

Табиғатпен амандасу

Барлығымыз орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтамыз:

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Енді орындарымызға отырамыз.

Топтар

Сайысқа 3 топ қатысады (1 және 3-сынып оқушылары).

I топ: «Мөлдір бұлақ»

Құрамы: Томирис, Бекзат, Сымбат, Ернар, Мақсат, Ақбота, Әсемгүл, Арлан

Ұраны

Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.

II топ: «Орман байлығы»

Құрамы: 6–7 оқушы

Ұраны

Қамқоршы болып орманға, орманды бәрің қорғаңдар!

III топ: «Жер-Ана»

Құрамы: 6–7 оқушы

Ұраны

Жер — адамның бесігі, ел — бақыттың есігі.

Сайыс құрылымы

Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал енді бастайық!

1-кезең: Табиғат байлығы — өсімдіктер

Сұрақ-жауап

Табиғат байлығының бір бөлігі — жер бетін көркейтіп тұрған әсем өсімдіктер. Өсімдіктер мен ағаштар табиғатымызды құлпыртып, жерге құрақтай, кілемдей көрік береді.

Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп танып, оған ерекше қамқорлық жасаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз соның дәлелі.

Өсімдіктерді орынсыз пайдалану салдарынан кейбір түрлер азайып барады. Сондықтан олардың 300-ге жуық түрі Қызыл кітапқа енгізілген.

Кезең шарты

Әр топқа бірнеше сұрақ беріледі. Дұрыс жауап берген топ ұпай алады.

I топқа сұрақ

1) Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?

  • A) 1
  • Ә) 2
  • Б) 3

II топқа сұрақ

2) Өсімдіктің жер астындағы мүшесі қалай аталады?

  • A) Тамыр
  • Ә) Сабақ
  • Б) Жапырақ

III топқа сұрақ

3) Бақта нелер өседі?

  • A) Көкөністер
  • Ә) Гүлдер
  • Б) Жемістер