Құрметті түлектер
Қош бол, алтын ұя мектебім! (Соңғы қоңырау)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! «Сәт сапар, жас түлек – 2011» атты мектеп-интернаты түлектерін шығарып салуға арналған жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Арнау
Қоштасады алтын ұя – мектебім!
Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемім.
«Сәт сапар!» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенің.
Түлекке ақ тілек
Жүргізуші: Құрметті түлектер! Қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап өмір атты ғаламшарға аттанасыңдар. Сол ғаламшардың ең биік, ең жарық жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
Ұстаздарға алғыс
Алтынай (Надежда Иманғалиевнаға)
Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген!
Үлгілі, әркез ұстамды,
Сабырлы, ізгі Надежда Иманғалиқызы,
Анадай көріп сыйлаймыз,
Айрылар кезде қимаймыз.
Гүлсана
Ұстаздар, жан анамдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңнен,
Шәкіртінен өз бақытын аямаған.
Жұлдыз
Алғашқы ұстаздарымызға сөз беріледі.
Шолпан апай — алғашқы менің ұстазым,
«Күлімдеген, күнім» деген.
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Сөз кезегі:
9 «Б» сынып оқушыларының сынып жетекшісі Гордеева Т. А. және тәрбиешісі Тайпақов М. М.-ға беріледі.
Ән мен құттықтау
Жүргізуші
Алтын орда — асыл ұя мектебім,
Мәңгілікке жайнар жасыл көктемім.
Жетеледің қанат беріп арманға,
Жеңе біл деп асау өмір өткелін!
Осы сәтте 9 «А» сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезекті төменгі сынып оқушыларына береміз. Олар аға-әпкелеріне жүрекжарды лебіздерін білдіреді (1 «Б», 2 «А» сынып оқушыларының әдеби-сазды монтажы).