Ойшылдар тапсырма
Әбіл Нүсіпбаев атындағы №14 орта мектеп
Ашық сабақ • Мұғалім: Г. О. Аришева
Сабақтың тақырыбы
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Мақсаты
- Жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып, деңгейлік тапсырмалар арқылы тақырыпты меңгерту.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекілігі
- Үлестірме кестелер, интерактивті тақта
- Сабақтың типі
- Саяхат
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың тәсілдері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс, есептеу, ойын
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сыныпты топқа бөлу.
Топтарға бөлу және тапсырмалар
I топ — «Ойшылдар»
Сергіту сәтіне 1 шумақ өлең құрастыру.
II топ — «Тапқырлар»
«Дүкенші мен сатып алушы» ойынын құрастыру.
III топ — «Алғырлар»
Көңілді қорытынды мен қоштасу өлеңін құрастыру.
II. Қайталау сұрақтары
- Ұзындық бірліктерін ата.
- Масса бірліктеріне нелер жатады?
- Уақыт бірліктерін ата.
- Аудан бірліктерін ата.
- Көлем бірліктерін ата.
III. Үй тапсырмасын тексеру
№9 тапсырма
I топ: а)
Дәптерден оқыту, талдау.
№9 тапсырма
II топ: ә)
Дәптерден оқыту, талдау.
№9 тапсырма
III топ: б)
Дәптерден оқыту, талдау.
IV. Сергіту сәті
Сабақ та басталды,
Басылды дабырлық.
Қосамын да азайтам,
Бөлемін де көбейтем.
Математиканы білем,
Сондықтан оны сүйем.
V. Жаңа сабақ
а) Кіріспе
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.
Ғажайып құпиясы —
Білімнің патшасы,
Ма-те-ма-ти-ка-ға
Бас иеміз!
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға
Көбейтеміз, бөлеміз.
ә) Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма ауызша орындалады: оқушылар әр баған мен әр қатардағы мысалдарды өзара салыстырып, байқағандарын айтады.
I топ
«Ойшылдар»
№1
II топ
«Тапқырлар»
№2
III топ
«Алғырлар»
№3
б) Тақтамен жұмыс
№4 тапсырма: тура теңдік шығатындай етіп, тиісті санды таңдап қой.
I топ — «Ойшылдар»
- 460 · 10 = 4 600
- 9080 : 10 = 908
- 460 м = 4 600 дм
- 9080 ц = 908 т
II топ — «Тапқырлар»
- 49 · 1000 = 49 000
- 1 т = 49 000 кг
- 49 000 : 1 000 = 49
- 49 000 кг = 49 т
III топ — «Алғырлар»
- 49 м = 49 000 мм
- 49 км = 49 000 м
- 49 000 мм = 49 м
- 49 000 м = 49 км
Негізгі ұғым: көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері.