ТанымҰйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Негізгі мәлімет
- Білім беру саласы
- Таным
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Қарапайым математика
- Тақырып
- 10 саны мен цифры
Мақсат-міндеттер
- 10 санының таңбасымен таныстыру.
- 10 санының құрамын анықтау.
- Балалардың жылдамдығын, ойлау қабілетін және сауаттылығын дамыту.
- Шығармашылық еңбек етуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент
Сөздік жұмыс
Екі таңбалы сандар ұғымын нақтылау және мысалдар арқылы бекіту.
Пәнаралық байланыс
- Көркем әдебиет
- Қоршаған ортамен танысу
- Сурет салу
Мотивациялық-қызықтырушылық кезең
Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Алдымен қонақтармен сәлемдесейік.
Сәлемдесу өлеңі
Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып, құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті. Сәлемдесу — үлкенге, тәрбиенің басы ғой.
Қазақша
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Орысша
Здравствуйте!
Ағылшынша
Good morning!
Барлығы орындарына отырады.
Енді оқу іс-әрекетін бастамас бұрын, балаларды топқа бөлеміз. Топқа бөлінгеннен кейін өткен сабақты еске түсіреміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Қайталау сұрақтары
Өткен оқу іс-әрекетінде қандай сандармен таныстық? Ендеше, сұрақтарға жауап берейік.
- 1. Бір жылда неше жыл мезгілі болады?
- 2. Бір аптада неше күн бар?
- 3. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
- 4. Қандай геометриялық пішіндердің басы да, соңы да жоқ?
- 5. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
- 6. 5 саны мен 7 санының арасында қай сан бар?
- 7. Заттар өзара бірдей болғанда қандай амал қолданамыз?
- 8. Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады?
- 9. Бір саннан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз?
- 10. Бір таңбалы сандардың ішіндегі ең үлкен сан қайсы?
Жарайсыңдар! Сендердің ойларың ұшқыр екен. Өткен сандарды жақсы меңгеріпсіңдер.
Жаңа тақырып: 10 саны
Бір таңбалы сандардың ең үлкені
Бір таңбалы сандардың ішінде ең үлкен сан — 9.
Көрнекілік арқылы түсіндіру
Суретке назар аударайық: 9 торғай отыр. Енді осы 9 торғайға тағы 1 торғай қосылды. Барлығы қанша торғай болды?
Өрнек
9 + 1
Нәтиже
10
Қорытынды
9 + 1 = 10
Рефлексивті-коррекциялық бөлім
10 саны — екі таңбалы сан. Ол 1 ондық пен 0 бірліктен тұрады. Балалар жаңа санды түсініп, оны қосу амалы арқылы табуды үйренеді.
Автор туралы
Қызылорда қаласы, №39 Қызылөзек орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі — Есетова Айдана Аманбайқызы.