Наурыз тойы - салтымыз

Үздік ашық сабақ бәйгесіне

Наурыз — ертеден келе жатқан мейрам

Қазақ тілі пәні, 7-сыныпқа арналған жаңа сабақ жоспары. Мәтінмен жұмыс, жұптық және топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын және ұлттық құндылықтарды құрметтеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақ тақырыбы

Наурыз — ертеден келе жатқан мейрам

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі

Сабақтың мақсаты

  • Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мен тарихына, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына назар аударту.

  • Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін арттыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

  • Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

  • Сілтеу есімдіктері бойынша білімді пысықтау; тіл мәдениетін қалыптастыру және оқушының тіл байлығын дамыту.

  • Ұлттар достастығын насихаттай отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Наурыз мерекесі туралы толық әрі нақты ақпарат алады.

Мәтінді талдауға, постер құрастыруға және қорғауға дағдыланады.

Жұппен және топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға, тыңдауға және өзін-өзі реттеуге үйренеді.

Ұлттық қасиеттер мен адами құндылықтарды бойына сіңіреді.

Оқыту әдістері

Жұптық жұмыс Топтық жұмыс Жеке жұмыс Ұжымдық жұмыс Диалогтік оқыту СТО АКТ Ой шақыру Оқыту үшін бағалау

Сабақта қолданылатын материалдар

  • Бейнепроектор
  • Интерактивті тақта
  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері
  • Флипчарт
  • Маркер, суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылармен амандасу, «Шаттық шеңберін» құру: бір-біріне жылы лебіз айтып, жақсы көңіл күй тілеу.

Топқа бөлу

Оқушыларды түсті кәмпиттер арқылы екі топқа бөлу.

1) Білу

Интерактивті тақтадан Наурыз мерекесіне қатысты бейнеролик көрсетіледі.

2) Түсіну

Постермен жұмыс:

  • 1-топ: «Наурыз мерекесі»
  • 2-топ: «Жаңа жыл»

3) Қолдану

1-тапсырма

Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құраңдар.

Сөздер

  1. 1. Көктем
  2. 2. Күн
  3. 3. Қар
  4. 4. Ағаштар бүршік
  5. 5. Қызғалдақ
  6. 6. Жыл құстары
  7. 7. Адамдар ауланы
  8. 8. Ағаш
  9. 9. Бұлақтардың көзін
  10. 10. Арықтарды
  11. 11. Күн
  12. 12. Түн

Сөз тіркестері

  1. 1. ұшып келді
  2. 2. тазалады
  3. 3. отырғызды
  4. 4. гүл ашты
  5. 5. ашты
  6. 6. тазалады
  7. 7. келді
  8. 8. ұзарды
  9. 9. еріді
  10. 10. жарды
  11. 11. қысқарды
  12. 12. жылынды

Ескерту: сәйкестендіру аяқталғаннан кейін әр жұп 2–3 сөйлем құрастырып, дауыстап оқиды.

2-тапсырма

Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін қойып, мәтінді толықтыр.

Қажетті есімдіктер

олар, осы, бұл, оны, оған, соны, оның, ол

— Наурыз мейрамы.

қазақ халқы ертеден тойлап келе жатыр.

Халқымыз ерекше дайындалады.

Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналады. түрлері көп.

бірі — арқан тартыс.

— өте қызық ойын.

Адамдар күнді көңілді өткізеді.

бірін-бірі Наурыз мерекесімен құттықтайды.

күнге аман-есен жеткеніне шүкіршілік айтып, алдағы күннен жақсылық күтеді.

Сергіту сәті

«Қара жорға» биін билеу.

4) Талдау — мәтінмен жұмыс

Наурыз — ертеден келе жатқан мейрам

Наурыз — парсы сөзі. Ол «нау» — жаңа, «руз» — күн, яғни «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Наурызда күн мен түн теңеледі, жаңа күн басталады. 22 Наурыз — бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Ол — ертеден келе жатқан мейрам. Қазақ халқы оны ертеден тойлап келеді.

Наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудың ертеден қалыптасқан дәстүрлері бар. Бұл күні әр үй дастарқанына түрлі тағам қояды. Солардың ең бастысы — Наурыз көже.

Наурыз көже жеті түрлі тағамнан пісіріледі. Одан бүкіл ауыл адамдары дәм татады. Дастарқанда үлкендер бата береді.

Наурыз тойы көңілді өтеді: өнерпаздар ән айтып, бишілер би билейді, күйші домбырамен күй тартады. Әртүрлі ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлер көрсетіледі.

Наурызды табиғат мейрамы деп те атайды. Бұл мереке қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Адамдар ауласын тазалап, ағаш көшеттерін отырғызады, бұлақ көзін ашады.

5) Жинақтау

Кестеден Наурыз көже дайындауға қажетті тағам түрлерін теріп жазу.

Идея

Оқушылар «жеті түрлі тағам» ұғымын негізге алып, өз нұсқаларын ұсынады және таңдаудың себебін түсіндіреді.

Бағалау

Бағалау парағы арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі: тапсырма орындау сапасы, сөйлеу мәдениеті, топтағы белсенділік есепке алынады.

Рефлексия

Стикерлер арқылы кері байланыс: «Не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Келесі сабақта нені жақсартамын?».

Үй тапсырмасы

«Наурыз тойы» тақырыбы бойынша өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру және 5–7 сөйлемдік шағын ойтолғау жазу.

«Наурыз тойы»

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы — салтымыз.

Көгерсін — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз,

Бақта бұлбұл сайрасын.

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы — жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Әділбай Табылдиев