Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Қатынас, әлеуметтік орта

Тақырыбы

«Мамандығым — мақтанышым»

Бөлімі

Тіл дамыту, қоршаған орта

Көрнекіліктер

Әртүрлі мамандық иелері туралы суреттер, құрал-жабдықтар

Мақсаты

  • 1

    Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

  • 2

    Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейінін және сөздік қорын дамыту.

  • 3

    Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылық тудыру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: амандасу

Тәрбиеші балалармен амандасады:

Қайырлы таң!

Армысың, Жер-ана!

Армысың, Аспан-ата!

Армысың, Алтын күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Балалар шеңберге тұрып, амандасу рәсіміне белсене қатысып, зейін қоя тыңдайды.

2) Мотивациялық-қозғаушылық: жұмбақтар

Тәрбиеші бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы жұмбақтардың шешуіне байланысты екенін айтады.

Жұмбақ 1

Кірпіштен сарай, үй салады. Ол адам кім болады?

Жұмбақ 2

Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын.

Жұмбақ 3

Қалпағына қарасаң дәрігер емес, бірақ ол. Ас мәзірін қаласаң алға ұсынып тұрады ол.

Қорытынды сұрақ: «Бұл жұмбақтар нені білдіреді?»

Балалардың жауабы: мамандықтар.

3) Ұйымдастыру-іздестіру: сұхбат және сюжеттік-рөлдік ойын

Тәрбиеші сұрақ қояды:

  • Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері?
  • Өскенде кім болғыларың келеді?

Одан кейін балалар мамандықтарды таңдап, өз орындарына орналасады: тілші, аспаз, шаштараз, дәрігер, құрылысшы.

Тілші

Сюжеттік сұхбат

«Сәлеметсіздер ме, көрермендер! Арнамызда “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында әр мамандық иелерімен тілдесеміз.»

Шаштараз

Қызмет

Тілші сұрағы

«Сәлеметсіз бе! Сіз қандай қызмет атқарасыз?»

Шаштараз жауабы

«Сән үлгісін қиятын, шаштараз болам жолына.
Түрлі-түсті шаш қиып, қызмет етем халқыма.»

Мамандыққа көзқарас

«Әрине, ұнайды. Қыздардың шашын сәндегеніме қуаныштымын, себебі өз мамандығымды жақсы көремін.»

Тілші

«Рахмет! Сәттілік тілеймін.»

Аспаз

Қызмет

Тілші сұрағы

«Сәлеметсіз бе! Сіз қандай қызмет атқарасыз?»

Аспаз жауабы

«Дәмді тамақ пісіріп, өнерлі бала боламын.
Халқым сүйген ардақты — мен аспазшы боламын.»

Тілші сұрағы

«Көп ас пісіру қиын емес пе?»

Аспаз жауабы

«Жоқ, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Сондықтан қиын емес.»

Тілші

«Рахмет! Асыңыз дәмді болсын. Сау болыңыз.»

Дәрігер

Қызмет

Кездесу

Тілші: «Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?»

Дәрігер: «Рұқсат, кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады?»

Тілші: «Жоқ, мен тілшімін. Сізбен сұхбаттасқым келеді.»

Өлең жолдары

«Ақ желеңді киемін, аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді өзім жақсы сүйемін.
Дәрігермін мен деймін, кәрі әжемді емдеймін.
Кәрілікті жең, деймін.»

Мамандыққа көзқарас

«Әрине, ұнайды. Барлық адамдардың дені сау болып, ауырмағанын тілеймін.»

Тілші

«Рахмет! Өзіңіз де ауырмаңыз. Сау болыңыз.»

Құрылысшы

Қызмет

Тілші сұрағы

«Сәлеметсіз бе! Сіз не істеп отырсыз?»

Құрылысшы жауабы

«Қолда темір қалағым, саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын әсем қала саламын.
Мен құрылысшымын.»

Тілші сұрағы

«Бұл жұмыс қауіпті емес пе?»

Құрылысшы жауабы

«Мен қауіпсіздік ережелерін сақтаймын, жұмысымды жақсы көремін. Сондықтан қауіпті емес.»

Тілші

«Көп рахмет! Сәттілік тілеймін.»

Сюжеттік ойын қорытындысы

«Көрдіңіздер ме, құрметті көрермендер! Әр мамандық иесі өз ісін жақсы көреді әрі мақтан тұтады. Мен де өз мамандығымды жақсы көремін — маған тілші болған ұнайды. Сау болыңыздар!»

4) Бекіту және тәрбиелік түйін

Тәрбиеші балаларды орнына жайғастырып, сабақтан алған әсерін сұрайды: «Сендерге ұнады ма?»

«Адамдар бірден дәрігер, мұғалім, әнші, биші болып кетпейді. Ол үшін көп еңбектену керек, жақсы оқу керек. Сонда ғана өз ісінің шебері, жақсы маман боламыз.»

Мамандықтарды атап көрейік

Дәрігер, ұстаз, құрылысшы, шаштараз, аспаз және тағы басқа.

«Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Үлкен болып өсіп, ел мақтайтын маман иесі болыңдар.»

Күтілетін нәтиже

Нені біледі

Мамандықтардың атауын.

Қандай түсініктерді игереді

Әр мамандықтың өзіндік міндетін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері

Сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнайды.