Қолдарында ұран жазылған лозунгтар
Желтоқсан желі: Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
Бұл ертеңгілік — Тәуелсіздік рухын, елдік пен ерлікті, Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін балалардың жүрегіне жеткізетін тағылымды кеш. Әр жол — азаттықтың бағасын ұғындыратын естелік, әр шумақ — ұрпаққа аманат.
Кіріспе сөз
І тәрбиеші
Сен де арманда едің-ау, мен де арманда. Сол арманға қол жетті — арман бар ма? Өзімізді өзіміз таба алмай тұрғанда, адаспаймыз, сап түзеп ормандарда.
ІІ тәрбиеші
Аспан түсті Туымыз желбіреді, шықты және теңгеміз — ел біледі. Әнұран да, Елтаңба — өзімдікі, тәуелсіз, егеменді елміз енді.
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік, мәртебеміз биікте болар ма едік? Абай әнін ғарыштан қазақ айтып, әлем шырқап, қосылып тұрар ма едік?!
Тарихи көрініс: 1986 жылғы Желтоқсан
Тәрбиеші
1986 жыл, 16 желтоқсан. Осы күні еліміздің тәуелсіздігін сұраған бір топ жас алаңға шықты.
Балалар (хормен)
«Қазақстан жасасын! Тәуелсіз елім жасасын! Елімізге егемендік берілсін!»
Қолдарында ұран жазылған плакаттар. Оларды қарулы жасақтар алып кетеді: Бекнұр мен Санжар (Рамазанды), Саша мен Аман (Қызғалдақты).
Рамазан
Қазақ деген затым бар, Қайрат деген атым бар. Еркек тоқты — құрбандық, Атам десең, атыңдар! Атам десең, атыңдар!
Тәрбиеші
Жастардың тілегі орындалып, еліміз тәуелсіздік алды. Аллаға шүкір, бүгінде бейбіт өмір сүріп келеміз. Сол ызғарлы желтоқсан күндерін еске алып, жастарымыз былай дейді:
Өлең жолдары: ерлік, елдік, үміт
Санжар
Сол күндерді есіме мен көп алам, Желтоқсанның 17-і — топ алаң. Ешкімнің де түсіне кірмеген, басталды бір у-шу, зобалаң.
Елім менің тәуелсіздік көкседі, жүрегінде үміт оты өшпеді. Орындалды көптен күткен тілегі — тәуелсізбіз, егеменді ел енді!
Жансая
Әнұраным — жанұраным, айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім — сағынарым, мәңгі бақи шырқалады Республика Әнұраны!
Хор
Әнұран!
Қызғалдақ
Желтоқсанның ызғары-ай, кірпікке қатқан мұздары-ай. «Елім-ай» деп егілген, ұлдары мен қыздары-ай!
Қайсар
Көк аспандай тулайтын — Желтоқсанның күні бұл. Елім деген ұлдардың елжірейтін күні бұл.
Әділ
Мереке бүгін — бақ күні, егеменді елімнің. Желбірейді көк Туы, түсіндей боп көгімнің.
Дәурен
Мереке бүгін — ұлы күн, бабалар рухы көксеген. Азаттық елдің ұлымын, теңескен төбесі көкпенен.
Бекнұр
Мен де адаммын — жаралған ет пен сүйектен, арым бар, намысым бар жан тербеткен. Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанын да ары үшін құрбан еткен.
Хор
«Желтоқсан желі»
Ардақ
Көк майсалы жерім менің, егеменді елім менің. Бас имеймін ешкімге, тәуелсізбін мен бүгін.
Інжу
Егемен болмай — ел болмас, етек-жеңі кең болмас. Терезесі тең болмас — енді қазақ кем болмас.
Саша
Великую землю, любимую землю, где мы родились и живём, мы Родиной светлой, мы Родиной милой, мы Родиной нашей зовём!
Айназ
Өзімдікі елім де, өзімдікі жерім де. Би билейтін күн бүгін — тәуелсіздік төрінде.
Қазақ биі: Әлихан, Әділ, Жансая, Ардақ.
Еркенұр
Өзімдікі Туым да, от пен ауа, суым да. Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да!
Дильназ
Жасасын, жасай бер, азат күн! Жасасын бейбіт ел мен жер! Бостандық алған қазақтың мәртебесін көрсін ел.
Бақыт
Бақыт құсы қонды ғой менің туған жеріме. Тіліміз бен дініміз қайта келді еліме.
Алдияр
Тәуелсіздік — Туымыз, тәуелсіздік — сырымыз. Арналады тек саған ән мен күй, жырымыз.
Хор
«Жас дәуірдің түлегіміз»
Әлихан
Алтын дәнді даласы бар, ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем — осы менің туған өлкем.
Айсұлтан
Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін. Әрқашан, әрқашан, көк байрағым желбіресін.
Жеке ән: «Тәуелсіз Қазақстан!» (Жансая).
Аман
Қазақстан — елім менің, саған ешбір жер жетпейді. Біз тұрғанда шекарадан ешқандай жау өтпейді.
Нұрғиса
Тақпақ айтып, ән айтып, жырлайықшы бүгін біз. Тәуелсіздік төрінде билейікші бүгін біз.
Қонақтар мен өнер сыйы
Тәрбиеші
Егеменді ел болып, тәуелсіздік алған мерекемізді құттықтап, қуанышымызды бөлісуге бауырлас өзбек елінен өзбек қыздары (Айназ, Ардақ) келіпті. Олар өздерінің өзбек билерін сыйға тартады.
Жеке ән
«Атамекен» (Санжар, Рамазан, Бекнұр, Аман, Әлихан, Айсұлтан)
Хор
«Ел қорғауға әзірміз!»
Көрініс
«Ақ көгершін» әнімен көгершіндер (Дильназ, Қызғалдақ, Інжу) жүрекшелерді ұстап кіріп, би билейді. Жүрекшелерін қонақтарға сыйға тартады.
Қорытынды құттықтау
Тәрбиеші
Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға аманшылық, бүлдіршіндерімізге бақытты болашақ тілейміз.
Бейбітшіліктің ақ көгершіндері сыйлаған бақыт, шаттық, жақсылық, имандылық, қуаныш сіздермен мәңгі жолдас болсын!
Тәуелсіздік — ұрпаққа аманат, жүрекке ұран.
Жарық күн, ашық аспан, бейбіт өмір үшін.