Қауым айтқан сол әнді естігенде, Боталы інген борықта боздайтұғын

Мұқағали Мақатаев

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,
(Сонау бір соғыс жылы естіген ем)
Әредік, елдеқалай есіме алсам,
Қос басы, қою қара кешті көрем.
Шар тастар, шалғынды сай Қарағайлы ,
Шулы өзен шомылдырған шағала - Айды.
Жөтеліп бұлттар көшіп өтетұғын,
Жетектеп жетегінде қара қайғы.
Жел тынған, жапырақ та сілкінбеген,
Тауға кеп түн ұйитын кілкілдеген.
Әр жүректі сол бір ән мазалайтын,
Әр көмейде сол бір ән бүлкілдеген.
Қос басында қауымның бәрісі де,
Қосылатын жасы да, кәрісі де,
Сіңір тірсек біздер де шырқаушы едік,
Түсінбестен сол әннің мәнісіне.
Күндізгі зор бейнеттің түні келіп,
Әр кеш сайын ән тыңдап жүріп едік.
Көз ұйқыға кеткенше сол бір әннен
Сай - сала тұратұғын күңіреніп.
Жүректің шыдырауында қоздайтұғын,
Шыбыны бар кеудені қозғайтұғын.
Қауым айтқан сол әнді естігенде,
Боталы інген борықта боздайтұғын.
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,
(Сонау бір соғыс жылы естіген ем).
Сол бір ән көмейіме кептелгенде,
Өмір дейтін керуен, көшті көрем.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Сапарғали Бегалин
Ақан сері өлеңдері
Бекет атаның ұрпақтары
Жылқы және түйені азықтандыру
Қазақ әдебиетіне жаңаша бояу енгізген бағыт пен Әбіш Кекілбаев шығармашылығында сіңісе отырып әкелген әсерін зерттеу, зерделеу және оқыту мәселесімен таныстыру
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Балалар бақшасындағы тәрбиенің маңызы мен міндеттері
Негізінен жергілікті халықтың түсінігінде Маңғыстау аймағының киелі әулиелер қорымдарына келушілерге айтатыны
Жоба авторы
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ
Спандияр Көпеев және балалар әдебиеті
ЖӘНДІКТЕР ЖОЛАМАЙТЫН КИЕЛІ САБАҚ
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы
Спандиар Көбеев
Спандияр Көбеев
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА
Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлар
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар