Топтың атын табу Апачи сөздерді кері қарай оқу арқылы топтың атын табу
Қазына аралы: спорттық ойын-сауық
Мақсаты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа қызығушылығын арттыру. Қатысушыларды топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күшке және төзімділікке баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Гимнастикалық орындық
- Арқан
- Карта (қиылған қиындылар)
- Монеталар
Ойынның форматы
Сайыс кезең-кезеңімен өтеді: әр тапсырма — келесі бағытты ашатын кілт. Топтар уақытқа жұмыс істеп, кедергілерден сүрінбей өту арқылы қазынаға жақындайды.
Маңызды шарт: Қатысушылар 11:00-ге дейін Қазына аралына жетуі керек. Уақыттан кешіксе, аралдағы үңгір жабылады.
Барысы
Сайыстың салтанатты ашылуы
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Қазына іздеушілер сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Бойымызда үрей мен қорқыныш,
Кедергіден өтеміз бе, деп тұрмыз.
Бірақ біз саспаймыз —
Дәл қазір қазынаны іздеуді бастаймыз!
I кезең — Топтың атын табу
Жылдам ойлауТоп атауы «Апачи» сөздерін кері оқу арқылы анықталады. Дұрыс жауап: Чунгачкук.
II кезең — Тайпа басшыларымен би
Ырғақ пен командаРитуалдық бөлім: «Отқа табыну» биі.
О, құдіретті Күн құдайы! Әлемді жаратушы тәңірім,
Бізге жеңіске жетуге күш бере гөр!
О великое солнце! Творец дней и правитель мира!
Дай нам силы для победы!
III кезең — Картаны құрастыру
ЛогикаҚиылған қиындылардан жол көрсететін картаны құрастырады.
Жүргізуші: «Қазына аралына баруға дайынсыңдар ма?»
Балалар: «Иә!»
Жүргізуші: «Онда жолда көп кедергі кездеседі. Сол кедергілерден сүрінбей өтіп, жеңіске жетуге сәттілік тілеймін!»
IV кезең — Батпақты дала
Балалар «батпақтан» секіріп өтуі керек.
V кезең — Жасырылған затты табу
Қатысушылар жасырылған затты іздейді. Тапсырма нәтижесі: сағат табылады.
Жүргізуші: «Сендер 11:00-ге дейін Қазына аралына жетіп, қазынаны табуларың керек. Уақыт асып кетсе, аралдағы үңгір жабылады».
VI кезең — Сынық көпір
Үлкен өзеннен сынық көпір арқылы өту керек. Өте алмаған қатысушылар ойыннан шығады.
VII кезең — Балық аулау
ШығармашылықАлға жылжу үшін күш қажет. Бірақ дайын тамақ жоқ — демек, «тағамды» өздерің табасыңдар. Берілген 3 затты пайдаланып қармақ жасау керек: таяқ, жіп, сым.
VIII кезең — Үңгірден өту
Үңгірде «улы жылан» бар. Оны оятпай, үнсіз әрі абайлап өтіп шығу қажет.
IX кезең — Орман перілері
Ағашта жасырылған қағазды тапсаңдар ғана, орман перілерінен құтылудың жолын білесіңдер. Қағазда көрсетілген бағдар арқылы қазынаға толы сандықшаға жетесіңдер.
Жасырынған сандықты бірінші болып тапқан топ қазынаны алады және марапатталады.
Қорытынды
Жүргізуші: «Жарайсыңдар! Нағыз қазына іздеушілер екенсіңдер. Жеңістерің құтты болсын!»