Балалардың ойын, қиялын дамыту

Сабақ бағыты

Тақырып

Менің армандаған үйім

Мақсат

Оқушылардың ізгі ниетпен армандай білуіне және сол арманға қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Міндеттер

  • «Арман» ұғымы туралы түсінік беру.
  • Балалардың ойлау қабілеті мен қиялын дамыту.
  • Жақсылыққа, мейірімге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Көңіл күйді анықтау

Үйірме бастауға дайынсыңдар ма? Құралдарың түгел ме? Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?

Дильназ

Мен бәрін жасай аламын.

Жансая

Бүгінгі күн тамаша.

Олжас

Көңіл күйім керемет.

Рифат

Өзімді жақсы сезінудемін.

Елдос

Жұмыс істеуге дайынмын.

Еркебұлан

Өзіме сенімдімін.

Анжелика

Барлығы қолымнан келетініне сенемін.

Мадина

Жігермен мақсатыма жетемін.

Дархан

Жауапкершілікпен орындаймын.

Ислам

Адам еңбекпен шыңдалады.

Жібек

Жақсы көңіл күй — жан шуағы.

Айдана

Жақсылықпен жаным дос.

«Шаттық шеңбері»

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Арманға бірге аттанып, көңілді әнмен жігерленейік.

Арманға бірге барайық,

Әуелеп әнге салайық.

Қазақ елінің кірпішін

Бәріміз бірге қалайық.

Ой қозғау

Қазақстан — біздің ортақ үйіміз. Егер өз өмірімізді жауапкершілікпен түзеп, жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсірмесек, өзімізді нағыз патриот деп санай алмаймыз. — Н. Ә. Назарбаев

Арман туралы әңгіме

Әр адамның өмірінде өз арманы болады. Армансыз адам — қанатсыз құспен тең. Жан дүниемізде тамыр жайған арман бізбен бірге өсіп, өркендеп, алысқа жетелейді.

Сұрақтар

  • Есейгенде кім болғың келеді?
  • Ел үшін қандай игі іс атқарғың келеді?
  • Өзіңді қандай адам ретінде елестетесің?
  • Ата-анаңның үмітін ақтау үшін не істей аласың?
  • Әлсіздерге қорған болып көмектесу үшін не істеуге болады?

Ойын: «Асық кімге түссе?»

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы жүргізуші болып, ортадағы үстелге асықты шеберлікпен иіріп тастайды. Асық кімнің тұсына түссе, сол оқушы шығып, өз арманын және не үшін оны армандайтынын айтады.

Мысалдар

  • Шіркін-ай, басшы болсам — еліме нұр сыйласам.
  • Шіркін-ай, дәрігер болсам — халқымды аман етсем.
  • Шіркін-ай, банкир болсам — молшылық көбейсін.
  • Шіркін-ай, сәулетші болсам — қалам көркейсе.

Ереже: ойыншы өз арманын жылдам әрі түсінікті айтып үлгермесе, «айып» ретінде тапсырма орындайды — бос шаршыларға «жақсы бала» қандай болатынын жазып шығады.

Сөзжұмбақтың жауабы

Ақылды, рақымды, мейірімді, арлы, зейінді, шыншыл, ынталы, ойлы.

«Өз үйім — өлең төсегім»

«Өз үйім — өлең төсегім» деген сөз бекер емес. Шынында да, өз үйіме ешқандай зәулім сарай тең келмейді. Өз шаңырағымның әр бұрышы, әр керегесі, әр терезесі маған ыстық көрінеді. Қанша жерден алыстап кетсем де, ошағымның жылуы өзіне тартып тұрады.

Кейде үйімнің иісін аңсаймын. Әкемнің ақылын, анамның аялы алақанын, аға-інім мен апа-сіңлілеріммен бірге сол шағын үйде ойнап-күлген күндерімді сағынышпен еске аламын. Тіпті көршінің үйіне қонаққа барсам да, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Ал үйге келгенде еркін тыныстап, көңілім кеңіп қалады.

Бұл сезім тек үйге қатысты ғана емес. Өз мектебіңнен басқа мектепке ауысқанда да, туған жеріңнен жыраққа кеткенде де, жүрекке сағыныш ұялайды. Үйіңе немесе туған еліңе оралғанда, арқаңнан ауыр жүк түскендей болады: қол-аяғың байлаудан босап, бойың жеңілдеп, «Қайран менің өз үйім» деген күйді кешесің.

Қиял әлеміне саяхат

Шығармашылық тапсырма

Оқушылар өз армандарын қиял-ғажайып бейнеде қағазға түсіріп, түрлі-түсті қағаздармен аппликация жасайды.

Дайын болған соң, жұмыстарыңа ат қойып, қолдарыңа ұстап жоғары көтеріңдер: қиял әлеміне кім қалай саяхат жасай алды?

ІІІ. Сарамандық жұмыс

Қағаз және қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері:

  • Қайшымен жұмыс істегенде мұқият бол.
  • Бұйымды қиғанда қағазды өзіңе ыңғайлы бағытта ұста.
  • Қайшыны шамадан тыс ашпай, өзіңнен алшақ ұстап қи.
  • Саусағыңды жарақаттап алма.
  • Қайшыны жабық күйде, өзіңе қаратып бер.
  • Жұмыс кезінде қайшыны ұшынан ұстама.

V. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын қадағалау, тексеру және бағалау. Жақсы орындалған суреттерді үлгі ретінде көрсету.

VI. Қорытынды

Өлең: «Нағыз адам боламын!»

Е. Өтетілеуов

Бүгін титтей баламын,

Әлі-ақ жігіт боламын.

Ел сыйлайтын мұғалім,

Әлде шахтер болармын.

Сонда мүмкін, мен ғалым,

Әлде шофер боламын.

Сонда ұста, не артист,

Не дәрігер болармын.

Әлде, әлде… Білсеңдер,

Жалғыз ғана талабым:

Ер жеткенде, ел сенер

Нағыз адам боламын!

Арманға бірге жетейік

Балалар бір-біріне арманға жету жолындағы ізгі тілектерін арнайды.

Тілек

Біліммен, ізденумен, еңбектенумен жет.

Тілек

Алға самға.

Тілек

Нағыз адам бол.

Қорытынды тілек

Армандарың орындалсын! Білім мен өнерге сүйеніп, алға ұмтылыңдар!

VII. Жұмыс орнын жинау

Құралдарды қауіпсіз жинап, жұмыс орнын ретке келтіреміз.