Әліппең келді ортаңа

«Қош бол, сүйікті Әліппем!» мерекелік кешінің мақсаты

1-сынып оқушылары үшін бұл кеш — алғашқы оқу кітабымен қоштасып, алған білімін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік беретін қуанышты сәт.

Біліктілік

Әр оқушының сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеті арқылы икемділігі мен қабілетін таныту, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың алған білімін ортаға салып, ой-өрісін кеңейту; тіл байлығын арттыру; тапқырлық пен ізгі қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Ата-ана, Отан, ел және болашақ алдындағы борышты сезінуге тәрбиелеу; елін, жерін сүюге және оны қорғай білуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Нақыл сөздер
  • «Әліппе»
  • «Ана тілі»
  • Шарлар мен гүлдер

Кештің барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қымбатты аталар, ақжаулықты аналар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті «Әліппесімен» қоштасқалы отыр.

«Әліппе» — барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Ендеше, сүйікті «Әліппемізді» кішкентай інілеріміз бен сіңлілерімізге табыстау — біздің міндетіміз.

1-жүргізуші

Қайырлы күн, халайық!

2-жүргізуші

Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Жүргізушінің арнауы

Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындар құлпырған —
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

Сұрақ-жауап

Мұғалім:

Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар —
Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!

Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

«Әліппенің» сөзі

Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаңа.

Менің атым — Әліппе. Мені анадай дәріпте. Мені оқып ержеткен — ағаң да, әкең де.

Балалар, сендер мені оқыдыңдар. Ендеше, менен нені үйрендіңдер?

Оқушылар:

Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды да, оқуды да меңгердік.

Өлең шумақтары

Оқушы

Әліппеде «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші.

Оқушы

«А» деген — аналар ғой ардақты,
«Ә» деген — әкелер ғой салмақты.
«Б» дегенің — балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей, сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.

Оқушы

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың —
Ұстазым маған кілтін алып берді.

Көрініс идеясы

«Іші толған әріпке…» — мақал-мәтел мен жұмбаққа толы танымдық сайысқа ұласады.

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы

Сайыстың мақсаты — оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету және шешендік өнерге баулу.

Көрнекіліктер

Ана тілі туралы кітаптар, даналық сөздер.

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Абай атамыз: «Өнер алды — қызыл тіл» деген. Ендеше, сөз өнеріне арналған «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!

Ойын шарты

  1. 1 Үйден дайындап келген 5 мақал айту.
  2. 2 Берілген тақырыпқа мақал құрау.
  3. 3 Мақалдың жалғасын (тіркесін) табу.

1) Тіл туралы мақалдар

  • Өнер алды — қызыл тіл.
  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
  • Басқа пәле — тілден.
  • Бала тілі — бал.

2) Ас туралы мақалдар

  • Ас — адамның арқауы.
  • Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар.
  • Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш.
  • Ас бар жерде ауру тұрмайды.
  • Ас — иесімен тәтті.

3) Жақсылық пен жамандық туралы

  • Жақсы бала — сүйік, жаман бала — күйік.
  • Жақсылыққа жақсылық — ер кісінің ісі.
  • Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.

4) Ақыл туралы мақалдар

  • Ашу асыққанда, ақыл басу айтады.
  • Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе.
  • Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос.
  • Ас тасыса — қатығы төгілер, ашу тасыса — ақылы төгілер.

Алғыс сөзі

Адамгершіліктеріңе көп рақмет, кішкентай достарым!

Осы сәтте сахнаға «Ана тілі» бейнесі шығады.

Қоштасу сәті

Оқушының қоштасу өлеңі

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсеге үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің.

Хормен

Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

«Әліппенің» қоштасу сөзі

Қош, сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!

Сахналық көрініс:

Шашу шашылады.

Қорытынды ән

«Әрқашан күн сөнбесін»