Болашақ командасы
Түрі: интеллектуалдық ойын · Көрнекілігі: презентация
Сайыс тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан — жарқын болашақ жолында»
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған мерекелік іс-шарамыз құтты болсын. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтық өзгерістердің күрделі кезеңдерінен өтіп, халықаралық деңгейде мойындалған мемлекетке айналды.
Негізгі ой
Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, елордамыздың даму жолын және мемлекетіміздің нығаюына ықпал еткен тұлғалардың еңбегін танып-білу — жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін күшейтеді.
Мақсаты
-
1) Отанды сүюге, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; әсемдікке, жауапкершілікке баулу; патриоттық сезімді оятып, ел мұрасын жалғастырушы азамат етіп тәрбиелеу.
-
2) Тәуелсіз Қазақстанды өркендетуге адал қызмет ететін, білімді, жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл да намысты, шынайы патриот ұрпақ тәрбиелеу.
-
3) Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін кеңейту, ой ұшқырлығын және оқуға деген ынтасын арттыру.
Сайыс форматы
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар Тәуелсіз Қазақстан тарихына, Елорда — Астананың гүлденуіне, сондай-ақ ел дамуына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлері мен болжамдарын ортаға салады.
І кезең
«Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді»
ІІ кезең
«Суреттер сыр шертеді тереңінен»
ІІІ кезең
«Үздік үштік сұрақтар»
Қатысушы командалар
- 1 «Қазақстан» командасы (топ басшысы: көрсетілмеген)
- 2 «Тәуелсіздік» командасы (топ басшысы: көрсетілмеген)
- 3 «Болашақ» командасы (топ басшысы: көрсетілмеген)
Әділқазы алқасы
- 1 Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (аты-жөні: көрсетілмеген)
- 2 Бастауыш бірлестік жетекшісі (аты-жөні: көрсетілмеген)
- 3 Бастауыш мұғалімі (аты-жөні: көрсетілмеген)
Тәуелсіз ел атандық — биік даңқың,
Бар әлемге әйгілі, мәлім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге,
Тәуелсіздік құт болып қонды елге.
І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді»
Қатысушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап үшін ұпай беріледі. Бір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.
1-топқа арналған сұрақтар
Жауаптар мәтінде берілген
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы заңы қашан қабылданды?
Жауабы: 1991 жыл.
-
Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?
Жауабы: 1992 жылдың 4 маусымында.
-
Қазақстан Компартиясы қашан таратылды?
Жауабы: 1991 жыл.
-
Қазақстанның Ұлттық ұланы қашан құрылды?
Жауабы: 1992 жыл.
-
Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді?
Жауабы: Бірлікті білдіреді.
Өткізген: Баймбет Ғалия