Activstudio құралдар тақтасы
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу: негізгі құралдар
Интерактивті тақтамен сенімді жұмыс істеу үшін негізгі құралдардың қызметін және оларды дұрыс қолдану жолдарын білу маңызды. Төменде ең жиі қолданылатын құралдар мен әрекеттер жинақталған.
Қалам құралын пайдалану
Қысқаша:
Қалам — ең жиі қолданылатын құрал. Ол жазу және сурет салу үшін қолданылады.
Қосу және түс таңдау
- Негізгі құралдар тақтасынан «Қалам» батырмасын таңдаңыз.
- Қаламды белсендіріп, түсті таңдау батырмасы арқылы қажетті түсті белгілеңіз.
Қалам түрлері және параметрлері
- Қаламның түрлерін перені модификациялау панелі арқылы таңдауға болады.
- Сызықтың түсін және қалыңдығын алдын ала орнатыңыз.
Фигуралар салу
- Тышқанның оң жақ батырмасын басып, қажетті қалам түрін таңдаңыз.
- Сызықтың түсі мен қалыңдығын белгілеңіз.
- Қаламды жібермей ұстап тұрып, флипчарт бетінде фигураны салыңыз.
Өшіргіш (ластик) құралын пайдалану
Қосу
- Тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
- Негізгі құралдар тақтасынан «Өшіргіш» батырмасын таңдаңыз.
Қолдану мақсаты
- Қателерді түзету.
- Қалам немесе маркермен салынған суреттерді өшіру.
- Жазылған мәтінді жою.
Егер өшіріп қойған жазу немесе суретті қайта қайтару қажет болса, «Қайта келу» батырмасын пайдаланыңыз.
Болдырмау және қайталау
«Болдырмау (Отменить)» батырмасы арқылы өшіргішпен өшірілген немесе өзгертілген нысандарды (жазу, сурет) қалпына келтіруге немесе орындалған әрекетті кері қайтаруға болады. Қажет жағдайда «Қайталау» батырмасымен әрекетті қайта орындауға болады.
Activstudio құралдар тақталары
- 1) Негізгі құралдар тақтасы (Основная панель инструментов)
- 2) Арнайы құралдар тақтасы (Панель специальных инструментов)
- 3) Флипчарттың құралдар тақтасы (Панель инструментов флипчарта)
- 4) Нысандарды редакциялау құралдар тақтасы (Панель инструментов редактирования объекта)
- 5) Беттерді редакциялау құралдар тақтасы (Панель инструментов редактирования страниц)
- 6) Жылдам таңдау құралдар тақтасы (Панель инструментов быстрого выбора)