Құтты болсын жаңа жыл, барша халық
Кештің басталуы
Жүргізушілердің сәлемдесуі
І жүргізуші: Ассалаумағалейкум, құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, болашақ сыйлайтын жаңа бақыт. Жылқы жылы ортамызға келді, жаңа уақыт жақсылықпен жалғассын! Құтты болсын Жаңа жыл, барша халық! Қуаныш пен шаттыққа бөленіп, бір-бірімізге шынайы тілек тілейік, бар әлемге бақыт жар салайық!
ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып, тек жүреміз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, шырша тұрар мәңгілік!
ІІ жүргізуші: Білесің бе, Жаңа жыл — әлемде ең көп әрі ең керемет тойланатын мерекелердің бірі.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың. Бұл күні қуанбаған жан қалмайды: жүздерде күлкі мен шаттық, әлемнің әр жерінде отшашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтереді. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қуаныш құшағында болады!
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді осы бақытты шақтың қуанышы — Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жылға арнау
І жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жылым! Жаңа жылым — менің жаңа жырым! Жылқы жылы келгенде сый ғып тартып, әнменен ақтарайық көңіл сырын.
Жаңа жыл тек қана бақыт пен қуаныш әкелсін! Бүгінгі көңілді кешімізді бастаймыз. Ендеше 8-сыныптар арасында өтетін «Жаңа жыл – 2015» мерекелік кешінің қатысушыларын ортаға шақырамыз.
Аяз ата мен Ақша қарды шақыру
ІІ жүргізуші: Достар, бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық! Қалай қарайсыздар?
І жүргізуші: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» — деп Абай атамыз жырға қосқандай, көп күттірмей балалардың қуанышы — Аяз атаны ортаға шақырайық!
Барлығы бірге:
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
ІІ жүргізуші: Мүмкін, біз шын көңілмен шақырмай жатқан шығармыз. Қане, достар, бар күшімізбен, шын ниетпен шақырайық!
Барлығы бірге:
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Сахналық белгі: Аяз ата келеді. Қасында Ақша қар. Қолындағы таяғын тарсылдатып, ортаға кіреді.
І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз! Ақша қар, сіз де қош келдіңіз! Сіздер келмесе ән салмаймын деп әншіміз ренжіп отыр. Бір тілек айтып, ән салдыртып берсеңіздер.
Музыкалық нөмір: 8 «Ә» сынып оқушылары Жанаева Гүлжан мен Набиева Балдайнның орындауында «Жаңа жыл» әні.
Байқау бағдарламасы: «Ханзада мен ханшайым»
Бүгінгі «Жаңа жыл – 2015» мерекелік кешінде 8-сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салады. Әр сыныптан екі жұптан таңдаймыз. Жұптардың киім үлгісі мен шаш үлгісі кеш талабына сай болуы керек. Жалпы жұп саны — 12.
Кеш соңында жеңген жұп «Кештің ханзадасы мен ханшайымы» атағына ие болады. Ендеше, ойын шарттарымен таныс болыңыздар.
І кезең
Газет үстінде билеу: жұптар газет үстінде билейді. Бұл кезеңде 6 жұп ойыннан шығады.
ІІ кезең
Ситуациялық сұрақ: жұптарға сұрақтар қойылады. Жауап бере алмаған жұп ойыннан шығады.
ІІІ кезең
Жұптарына қағаз орау: жұптар бір-бірін айналдыра қағаз орайды. Ең соңында орап болған жұп ойыннан шығады.
IV кезең
Пародия жасау: қазақ эстрада жұлдыздарына пародия көрсетіледі (Бүріт пен Айша; Қыдырәлі мен Қарақат).
Би және өнер көрсету
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық!
Би нөмірі: 8 «Б» сынып қыздарының орындауындағы би. Қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі! Сізді күтіп отырғандар қаншама! Ендеше олардың өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін! Енді бірінші кезеңді бастаймыз. Жұптарға әділ баға беретін қазылар алқасымен танысып алайық.
Өлең, ән және ойын кезеңдері
Тілек
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда — Жаңа жылың құтты болсын, ағайын! Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, ай жүзіндей айшықтанып арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген — Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Ән: Ортада 8 «Ә» сынып оқушысы Жанаева Гүлжанның орындауында «Жаңа жыл» әні.
ІІ кезең: Ситуациялық сұрақ
Ойынымыздың екінші кезеңін бастаймыз. Жұптарға сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап бере алмаған жұп ойыннан шығады.
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн, бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл — құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
Жүргізушінің құттықтауы
І жүргізуші: Жаңа жыл — Қой жылы. Әр отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке ала келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүзіңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі де мерекелі жыл болсын!
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып, дастарханды отырмыз саған жайып. Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен талай ұлыс, талай ел, талай халық. Келген сайын көңілді өсіресің, ұлы болсын бастаған осы көшің. Төгіп-шашпай, тасытып кетсең екен қазақ деген халықтың несібесін!
Көңілді тапқырлар клубы: Ортада 8-сынып оқушыларының орындауында көңілді бағдарлама.
ІІІ кезең: Қағаз орау
Жұптар бір-бірін айналдыра қағаз орайды. Ең соңында орап болған жұп ойыннан шығады.
IV кезең: Пародия
Қазақ эстрада жұлдыздарына пародия көрсетіледі: 1-жұп — Бүріт пен Айша, 2-жұп — Қыдырәлі мен Қарақат.
Қорытынды
І жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн — бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл. Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
Осымен бүгінгі Жаңа жыл кешіміз аяқталды. Қазылар алқасы кешіміздің ханзадасы мен ханшайымын анықтайды. Жеңімпаздар марапатталады.
Сау болыңыздар!