Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, акула туралы білімдерін молайту

Әдебиеттік оқу • 4-сынып Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Акула» (Л. Толстой)

Білімділік

Мәтіннің мағынасын талдау арқылы оқушылардың акула туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, қиялын ұштау, сезімін ояту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа және жан-жақтылыққа тәрбиелеу; пәнге қызығушылық пен ынтаны арттыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Акула және балықтардың суреттері
  • Тапсырма парақшалары
  • Сюжеттік көрініс (видео)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастырылады. Топ ережесі жасалып, оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.

Тренинг: «Сиқырлы сандықша»

Сандықшаның ішінде адамға тән ең ізгі қасиеттер жазылған «сиқырлы сөздер» бар. Кімде осы жақсы қасиеттер бар деп ойласақ, сол сөздерді бір-бірімізге сыйлап, сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.

II. Үй тапсырмасы

  1. «Үш жігіт» ертегісінен қандай қорытынды шығаруға болады? Нені үйрендің?
  2. Өлместің тасын іздеп шаршаған бірінші және екінші жігіт көрген қиындықтарды салыстыр.
  3. Үшінші жігіттің әрекетін кітаптан тауып оқы.
  4. Бұл ертегінің авторы кім?

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады: «Акула».

Сұрақ

Неліктен бүгін акула туралы сөз қозғаймыз деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың болжамдары тыңдалады.)

Акула туралы қысқаша мәлімет

  • Акулалар теңіздер мен мұхиттарда, кейде тұщы суларда да кездеседі.
  • Дене ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін жетеді, салмағы 14 тоннаға дейін болуы мүмкін.
  • Іштей ұрықтанады; кейбір түрлері ұрпағын тірі туады.
  • Көру қабілеті онша дамымаған, ал иіс сезуі өте жақсы дамыған.
  • Акуланың шамамен 350 түрі бар; жыртқыш түрлері қанның иісін 0,5 км қашықтан сезе алады.

Ғылыми дерек: акуладан қорғану тәсілі

Акуланың тіршілігін зерттеушілер сасып, бұзылған ет тасталған жерге акуланың жоламайтынын байқайды. Химиктер бұзылған етте сірке қышқылы болатынын анықтап, акуланың сол иістен қашатынын дәлелдейді.

Осыған байланысты су астында жұмыс істейтін сүңгуірлерге акуладан қорғану үшін сірке қышқылды мыс ерітіндісін қолдану ұсынылған.

Ескерту: Бұл мәлімет оқу мақсатындағы мәтін ретінде берілді. Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде ресми нұсқаулықтарға сай орындау қажет.

Мәтінмен танысу

Бүгін біз акула туралы бір оқиғамен танысамыз. Оқиғаның авторы — орыстың ұлы жазушысы Лев Николаевич Толстой. Қазақ тіліне бұл әңгімені Сейітжан Омаров аударған.

Сейітжан Омаров (1907–1985)

Жазушы, аудармашы. Қостанай қаласындағы халық ағарту институтын бітірген (1932). 1930–1942 жылдары мұғалім болып жұмыс істеген, аудандық және облыстық газеттерде редактор, жауапты хатшы қызметін атқарған. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағында балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болған.

Лев Николаевич Толстой (1828–1910)

Орыстың ұлы жазушысы, педагог. Ясная Полянада шаруалардың балаларына арнап мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарған, «Әліппе» оқулықтарын жазған. Әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы және балаларға арналған көптеген әңгімелердің авторы.

Көрсету

«Акула» шығармасының сюжеттік көрінісі видео арқылы тамашаланады.

1) «Әдебиет үйірмесі» әдісі (топтық жұмыс)

Топ мүшелері топ басшысын сайлайды. Әр топ өз рөлін орындап, бірлесіп қорытынды жасайды.

I топ — Баяндамашылар

Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп, мазмұндау.

II топ — Зерттеушілер

Мәтін кейіпкерлерін зерттеп, мінездеме беру.

III топ — Сұрақ қоюшылар

Берілген абзац бойынша басқа топтарға бірнеше сұрақ дайындау.

2) Сөздікпен жұмыс

Зәкір
якорь
Білте
зеңбіректі тұтандырғыш зат

3) Дәптермен жұмыс

Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? (Мұғалім толықтырады.)

4) «Тауып оқы» әдісі

Үш топқа мәтіннен төмендегі тұстарды тауып, мәнерлеп оқуға тапсырма беріледі.

  1. 1) Ауа райы туралы жазылған тұсты тап.
  2. 2) Әкесінің қобалжыған сәттерін суреттейтін тұсты тап.
  3. 3) Акуланың өлген сәтін бейнелейтін тұсты тап.

5) Сергіту сәті: «Теңіздегі балықтар»

Оқушылар жұптасып, «еркін жүзіп» жүреді. «Тоқта!» деген белгі берілгенде, балықтардың атауларын кезекпен атап шығады.

6) «Аквариумдегі балықтар» ойыны (сұрақтар)

  1. Балалар ашық теңізде неліктен жүзгісі келді?
  2. Кенеттен палубадағыларды абыржытқан қандай оқиға болды?
  3. Балалар акуладан қалай аман құтылды?
  4. Мәтінге басқа атау ұсынуға бола ма? Қандай?

7) Зерттеу-ізденушілік (шығармашылық жұмыс)

Оқушылар жыртқыш акула туралы жинап келген ақпаратын, мәліметтерін және суреттерін таныстырады. Өз ой-пікірлерін дәлелдеп, сынып алдында қорғайды.

IV. Қорытынды

Білемін

Акуланың жыртқыш жануар екенін білемін.

Білгім келеді

Толстойдың басқа шығармаларымен танысқым келеді. С. Омаров туралы көбірек мәлімет білгім келеді.

Үйрендім

Акула түрлері, балық түрлері және суға шомылу қауіпсіздік шаралары туралы білімімді толықтырдым.

Үйге тапсырма

  • «Акула» мәтінін толық мазмұндау.
  • Л. Толстой мен С. Омаровтың шығармалары туралы қосымша іздену.
  • Акула туралы басқа деректер әкелу.

Бағалау және рефлексия

Бағалау жүргізіледі. Рефлексия: «Желкенді кеме» тәсілі арқылы сабақтан алған әсері мен ойын білдіреді.

Автор туралы мәлімет

Атырау облысы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі — Есқайырова Нәзік Есқайырқызы.