Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюіСабақ мақсаттары
Сабақ тақырыбы
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Сабақ мақсаттары
- Қасым хан кезеңіндегі Қазақ хандығының күшею себептерін анықтау.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
«Миға шабуыл» және «Кім шапшаң?» ойыны арқылы өткен сабақтағы тақырыптарды еске түсіреді: Қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы және алғашқы хандар.
Қайталау сұрақтары
- Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
- Қазақ хандығының құрылуы туралы деректерді қандай мәліметтерден білеміз?
- Қазақ хандығының құрылуына негіз болған мемлекеттерді атаңдар.
- Керей мен Жәнібек кімнің ұрпақтары?
- Бұрындық ханның ел басқарған жылдары қандай?
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Бағдарлау
Оқушылар оқу мақсаты, сабақ мақсаты және жетістік критерийлерімен танысады.
Сабақтың ортасы (10 минут)
1-тапсырма. Топтық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлініп, Қасым хан дәуіріндегі Қазақ хандығының күшеюін әр қырынан талдайды.
1-топ
Қасым хан жүргізген ішкі саясаттың ерекшеліктерін анықтайды.
2-топ
Қасым ханның сыртқы саясатының нәтижелерін тұжырымдайды.
3-топ
«Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын талдап, олардың саяси, экономикалық және мәдени салаға ықпалын анықтайды.
Әдіс-тәсіл
ДЖИГСО технологиясы арқылы топтар бір-бірінің мәліметімен алмасады, сұрақ қойып, талқылау жүргізеді.
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
- Мұғалім
- Әбдіжапар Жазира Жолдасбайқызы
Материал: «Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі» (жүктеу).