Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласын қорыту
Тақырып
Квадрат теңдеулерге есептер шығару
Мақсаты
- Квадрат теңдеулерді формула арқылы, екімүшенің квадратын ажырату және іріктеу тәсілін қолданып шығару.
- Есептерді әртүрлі тәсілдермен шешу арқылы өткен материалды тереңдету.
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділікті арттыру.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Химия, физика, география, биология
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін нақтылау, оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
2) Пысықтау сұрақтары
- Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
- Квадрат теңдеудің дискриминанты дегеніміз не?
- Квадрат теңдеудің неше түбірі болуы мүмкін?
- Квадрат теңдеудің түбірлер формуласын қорыту.
- Виет теоремасын дәлелдеу.
3) Есептер шығару (интерактивті тақтада)
Пәнаралық сұрақтар арқылы бекіту
№1 — Химия
Тақырып: экологияЭкологиялық таза, келешектің отыны деп қай отынды айтады?
Жауабы
Сутегі газы
Түсініктеме
Сутегі отын ретінде жанғанда түтін, күл, күйе және улы газ бөлінбейді; тек су буы түзіледі. Сондықтан ол қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
Есеп
3x² + 11x − 4 = 0
№2 — Химия
Тақырып: сілтілік металдарАқ металл айналады тыным таппай, жүргендей су бетінен орын таппай. Аздан соң суға сіңіп, жоқ болады. Оқушым, білесің бе металл қандай?
Жауабы
Li
Түсініктеме
Na, Li, K сияқты сілтілік металдар өте белсенді. Олар сумен қарқынды әрекеттесіп, сутегі газын бөледі.
Есеп
3x² + 32x + 80 = 0
№3 — Физика
Тақырып: механикалық қозғалысМына құбылыстардың қайсысы физикалық құбылыс?
Жауабы
Автомобиль қозғалысы
Түсініктеме
Автомобиль қозғалысы — механикалық қозғалыс: оның орнын уақыт бойынша басқа денелермен салыстыра отырып анықтаймыз.
Есеп
(x − 2)² = 3131 − 2x
№4 — Жаратылыстану
Тақырып: булануЖаңбырдан кейінгі шалшық қай күні тез кебеді?
Жауабы
Желді күні
Түсініктеме
Су бетіндегі молекулалар желдің әсерінен ауаға тезірек таралып, булану үдерісі жылдамдайды.
Есеп
(x − 2)² + 48 = (2 − 3x)²
№5 — География
Тақырып: көлдерҚандай көл «планетаның інжу-маржаны» деп аталады?
Жауабы
Байкал көлі
Түсініктеме
Байкал көлі Батыс Сібірде орналасқан. Ол — жер шарындағы ең терең көл: ең терең жері 1620 м, ұзындығы 635 км, ені 25–79 км. Байкалға 300-ден аса өзен құяды, ал одан тек мол сулы Ангара өзені ағып шығады. Якут тілінен аударғанда «Бай көл» деген мағына береді.
№6 — Биология
Тақырып: балықтарҚандай балықта қабыршақ болмайды?
Жауабы
Жайын
Түсініктеме
Жайын — жайындар тұқымдасына жататын балық. Балқаш көлінде, Жайық өзенінде және ұсақ өзен-көлдерде кездеседі. Шамамен 40 жыл өмір сүреді. Ұзындығы 5 м-ге, салмағы 300 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Қазақстанда жылына 400–500 тоннадай жайын ауланады.
Есеп
x² + x − 56 = 0
№7 — Биология
Тақырып: жануарларҚандай жануар бәрінен тез жүгіреді?
Жауабы
Гепард
Түсініктеме
Гепард — жыртқыш аң. Дене тұрқы 135–140 см, құйрығының ұзындығы шамамен 108 см, ұшы қайырыңқы келеді. Мысықтұқымдастардан айырмашылығы: жүні қалың, теңбіл, түсі сарғыш; жүгіруге бейімделген, жүрісі өте жылдам әрі ұшқыр. Қызыл кітапқа енгізілген.
Есеп
x² + 10x − 39 = 0
№8 — Тарих (ғылым)
Тақырып: ғалымдар«Теңдеудің түбірі — белгісізді білдіретін әріптің орнына қойып есептегенде, теңдеудің екі жағындағы өрнектерді тең ететін сан» деген нақыл сөздің авторы кім?
Жауабы
И. Ньютон
Түсініктеме
Исаак Ньютон — XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы, физик және математик. Ол механикадағы күштің үш заңын тұжырымдап, күн сәулесінің спектрін зерттеді.
Есеп
5x² + 2x + 7 = 0
4) Қорытынды бөлім
- Тест арқылы білімдерін тексеру.
- Білімді бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.