Оқушылардың табиғат туған жер атамекен ұғымдарына байланысты түсініктерін кенейту

Сабақ жоспары Тақырып: «Туған жерімнің табиғаты»

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың табиғат, туған жер, атамекен ұғымдарына қатысты түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

1) Білімділік

  • Оқушыларға туған өлке және оның байлығы туралы түсінік беру.
  • Етістіктің түрлерін тану, дұрыс анықтау дағдыларын дамыту.

2) Дамытушылық

  • Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақ қою және әңгіме құрау дағдыларын дамыту.
  • Сабақтағы белсенділік пен жауапкершілікке баулу.

3) Тәрбиелік

  • Туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  • Табиғатты аялауға және қорғауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелесу
  • Диалог
  • Синквейн (бес жолды өлең)

Жұмыс формалары

  • Топтық жұмыс
  • Ұжымдық жұмыс
  • Жұптық талқылау

Техникалық құралдар

  • Интербелсенді тақта
  • Флипчарт
  • Ереже карточкалары
  • Суреттер

Қолданылған модульдер

  • АКТ
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Дарынды және талантты балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық
Пәнаралық байланыс: География

Күтілетін нәтиже

  • Туған жер туралы өз ойын нақты жеткізе алады.
  • Етістіктің түрлерін анықтап, ажырата біледі.
  • Топта жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Қонақтармен сәлемдесу.
  • Тренинг: ортаға шығып, бір-біріне жақсы тілек айту.
  • Оқушылар арасында қыс туралы шағын диалог жүргізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Арнайы тапсырманы кім орындады?

III. Мотивациялық кезең

Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа сабаққа көпір жасау үшін сұрақтар қойылады:

  • Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  • Біздің туып-өскен жеріміз қандай мемлекет?
  • Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
  • Жер көлемі неше шаршы километр?
  • Өзен, көл, теңіздердің үлесі туралы не білеміз?
  • Біз қай жерде тұрамыз?

IV. Жаңа тақырып

Бүгінгі сабақта Қарағанды облысы туралы сөйлесеміз. Сабақтың тақырыбын, мақсатын және күтілетін нәтижелерін нақтылаймыз.

Нені меңгереміз?

  • «Туған жерімнің табиғаты» мәтінімен жұмыс жасаймыз.
  • Өлкенің табиғаты туралы әңгімелесеміз.
  • Жаңа сөздермен жұмыс жүргіземіз.
  • Етістіктің түрлері туралы ережемен танысамыз.

Бағалау критерийлері

  • «Туған жерімнің табиғаты» мәтіні бойынша айта аламын.
  • Етістіктің түрлері ережесін түсіндіріп айта аламын.
  • Етістіктің түрлерін ажырата аламын.

V. Сөздік жұмыс

Жаңа сөздер (қаз. → рус.)

айнала
кругом
жазықтар
равнины
біраз бөлігін
большую часть
көктерек
осина
бұлан
лось
мекендейді
обитает
астық
пшеница
балыққа бай
богат рыбой
мақтаныш
гордость
көркейтуге көмектесемін
украшать и охранять
сол себепті
по этой причине
қымбат / сүйемін
дорогой / люблю

Жұмыс алгоритмі

  1. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар қайталайды.
  2. Мағынасын ашу: анықтама беру, ым-ишара арқылы көрсету.
  3. Есте сақтау: сөздерді жауып, ым-ишара арқылы қайта еске түсіру.
  4. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

VI. Оқулықпен жұмыс

1) Мәтінді оқу және аудару

«Туған жерімнің табиғаты»

Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала қалың орман, жасыл жазықтар. Біраз бөлігін ормандар алып жатыр: бұл қарағай, ақ қайыңдар, көктеректер. Ормандарында бұлан, қоян, түлкілер мекендейді. Ауылдың айналасында балыққа бай көлдер орналасқан. Бұл — Глубокое, Дёмкино, Курейное. Біздің жеріміз — астығы мол өлке. Ауа райы: жазы — ыстық, қысы — суық әрі аязды. Жазда жаңбыр жиі жауса, қыста көп қар жауады. Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін. Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге көмектесемін.

Дарынды оқушы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, оқушылар жауап береді. Мәтінді мәнерлеп оқуға дайындық жүргізіледі.

2) Тапсырма: диалог құру және қорғау

Кестедегі сұрақтар бойынша диалог құрып, топта талдап, қысқа презентация жасайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.

1-топ

Критерий: артистік көрсету, нақты жауап, етістікті табу.

  • Туған жерімнің табиғаты қандай?
  • Ормандарында не бар?
  • Ауыл маңында қандай көлдер бар?

2-топ

  • Қандай ағаштар өседі?
  • Ормандарында не мекендейді?
  • Жазда не жауады?

3-топ

  • Ауа райы қандай болады?
  • Ормандарында не мекендейді?
  • Қыста не жауады?

3) Тапсырма: ережемен жұмыс (карточка)

Етістік туралы

Етістік — заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істейді? не қылды? қайтті?

Тұлғасына қарай

  • Негізгі етістік — түбірі етістік болатын сөз. Мысал: кел, жүр.
  • Туынды етістік — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысал: жу-ын.

Құрамына қарай

Дара етістік

Бір ғана түбірден тұрады. Мысал: баста, аяқта.

Күрделі етістік

Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Мысал: келіп отыр, жазып тұр.

Міндет

  • Карточкадағы ережені оқып, түсіну.
  • Жауабын бір-біріне түсіндіру.
  • Флипчартта рәсімдеп, қорғау.

Критерий

  • Ережені толық әрі дұрыс айту
  • Түсінікті, жинақы баяндау
  • Ауызша жеткізе білу
  • Мысал келтіру

Бағалау

Бағалау парағы арқылы топ мүшелері бір-бірін бағалайды. Сонымен қатар «Светофор» әдісі қолданылады:

  • Жасыл — ереже түсінікті.
  • Сары — түсінікті, бірақ мұғалім көмегі қажет.
  • Қызыл — ереже түсініксіз.

Егер көпшілік «қызыл» таңдаса, келесі сабақта түзету (коррекция) сабағы жоспарланады.

VII. Ой толғаныс және рефлексия

Бес жолды өлең (синквейн) туралы сұрақтар қойылады және топтық тапсырма орындалады:

  • Бес жолды өлең дегеніміз не?
  • Оның құрылымында не болады?
  • Әр топқа бір сөз беріледі, сол сөзге синквейн құрастырады.
  • Сабақта не істедік? Мақсатқа жеттік пе?
  • Қандай тапсырмалар қиын болды? Не ұнады?
  • Жұптық/топтық жұмыста өзара әрекет қалай өтті?

VIII. Үй жұмысы

  • Сөздерді жаттау.
  • Етістік туралы 3 ережені қайталау.
  • Ережеге байланысты 5 мысал жазу.
  • Бағалау парақтары бойынша қорытынды баға қою.