Қазақ хандығын құрған хандарды ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңір, мектеп
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі
Пән, мұғалім
Тарих пәні мұғалімі (ІІІ деңгей) — Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Тақырып
Қазақ хандары, билері, батырлары

Сілтемелер мен дереккөздер

  • Білім стандарты
  • Пән бағдарламасы
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер» (5-сынып оқулығы)
  • Ғаламтор мәліметтері

Негізгі идея

Қазақ хандары, билері мен батырларының еліміздің әлеуметтік-саяси дамуындағы рөлі.

Кілтті ұғымдар

хан би батыр мемлекеттік басқару тарихи тұлға

Мақсат, міндет және күтілетін нәтиже

Жалпы мақсат

Хан билігіне негізделген мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігін, ханның атқаратын қызметін, қазақ билерінің өмірі мен тарихи орнын, жоңғарларға қарсы күресте танылған қазақ батырларының ерлігін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

  • Тақырып бойынша ойларын анық әрі жүйелі тұжырымдайды.
  • Диалогтік оқытуда ашық және жабық сұрақтарды қоюды үйренеді.
  • Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

Жеті модульдің кіріктірілуі

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • АКТ қолдану
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

жеке жұмыс топтық жұмыс топтастыру ассоциация тұлғаны тану рефлексия ББҮ хат қоржын рольдік ойын

Ресурстар

  • Карта
  • Интерактивті тақта
  • Слайд/презентация
  • Плакат, стикер, маркер
  • Жұмыс парағы
  • Ғаламтор деректері

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Мұғалімнің әрекеті

  • Қағаз қиындылары арқылы сыныпты топтарға бөледі.
  • Бағалау «қалпақтарын» (қазақтың ұлттық айырқалпағы бейнеленген қиындылар) таратады.
  • ББҮ кестесін толтыру тәртібін түсіндіреді.

Оқушының әрекеті

  • Пазл құрастыру арқылы топқа бөлінеді (мысалы: «қазақ», «этноним», «хан» сөздері).
  • Шешілген тапсырма бойынша қысқаша жауап береді.
  • Бағалау қалпақтарын алады.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

5 минут

Мұғалімнің әрекеті

«Хат қоржын» әдісі арқылы ашық сұрақтар қояды және жауаптарды нақтылайды:

  • Қазақ хандығын құрған хандарды атаңдар.
  • Қазақ хандығы қашан құрылды?

Оқушының әрекеті

  • Сұрақ-жауап арқылы диалогқа қатысады.
  • Топпен талқылап, қысқа әрі нақты жауап береді.

3) Жаңа тақырып

20 минут

Ойқозғау

«Балалар, хан, би, батыр деген сөздерді қалай түсінеміз?»

Оқушының әрекеті

ББҮ кестесінің алғашқы екі бағанын стикер арқылы толтырады және өз ойларын ортаға салады.

Мұғалімнің әрекеті

Тақырыпты презентация арқылы таныстырады, негізгі ұғымдарды нақтылайды.

1-қадам: Топтық жұмыс (постер қорғау)

І топ

Хандар

ІІ топ

Билер

ІІІ топ

Батырлар

Оқушының әрекеті

Берілген тапсырманы уақытында орындап, сұрақтарға нақты жауап береді. Тақтаға шығып постерін қорғау арқылы тақырыпты талдайды.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Қозғалыс белсенділігі

Оқушылар би билеп сергіп, келесі тапсырмаларға ынталанады.

2-қадам: Рольдік ойын

Мұғалімнің әрекеті

Әр топ басшысына роль белгіленген тапсырманы таңдатады (хан, би, батыр). Тапсырма — қысқа диалогтық көрініс құрастыру.

Оқушының әрекеті

Берілген рольге сай топпен бірлесіп, аз уақыт ішінде қысқа қойылым көрсетеді.

4) Бекіту

5 минут

Мұғалімнің әрекеті

Жаңа тақырып бойынша ашық және жабық сұрақтар қояды.

Оқушының әрекеті

Сұрақтарға жауап беріп, негізгі тұжырымдарды нақтылайды.

5) Алған білімді жүйелеу

5 минут

Мұғалімнің әрекеті

«Ұлы дала дүбірі» сериясынан үзінді көрсетеді.

Оқушының әрекеті

Бейнеүзіндіден көргені бойынша ойтолғаныс жасап, пікірін айтады.

6) Бағалау және рефлексия

5 минут

Негізгі әрекеттер

  • ББҮ кестесін стикерлермен толықтыру.
  • Бағалау қалпақтарының санын есептеу.
  • Формативті және жиынтық бағалау жүргізу.

Қорытынды белгі

Толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда сабақ құжаты/материалы ретінде).