Дулат Бабатайұлы Еспенбет дастаны

Қазақ әдебиеті • 10-сынып

Сабақ тақырыбы: Дулат Бабатайұлы — «Еспенбет» дастаны

Бұл сабақта оқушылар дастанның мазмұнын терең меңгеріп, әдеби-теориялық талдау жасайды және шығармадағы батырлық рухтың басқа батырлар жырымен үндестігін салыстыру арқылы анықтайды.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

  • Шығарманың мазмұнын білу.
  • Әдеби-теориялық талдау жасау.
  • Дастанның батырлар жырымен үндестігін таныту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Поэманың мазмұнын, тақырыбын және идеясын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Әдеби-теориялық талдау жасап, басқа батырлар жырымен салыстырады, үндестігін табады.

Кейбір оқушылар:

Танымдық әрекетін жоспарлап, проблеманы анықтайды, шешу жолдарын айқындап, өз пікірін дәлелді түрде жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар шығарманы бірлескен оқу арқылы еркін меңгереді; өз ойларын әдеби тілде, нақты дәлелдермен жүйелі түрде айта алады.

Сыныптағы диалог пен жазылымға бағыт:

Дастанның басты кейіпкерлері кімдер және негізгі идеясы қандай?

Негізгі сөздер мен тіркестер

Еспенбет Ер Қосай қамқорлық жетім жөн-жоралғы Сыбан елі нағашы ата Ақбөрте бәйге Ақтанберді Қабанбай қалмақ қамалы олжа

Талдауға арналған тармақтар

  • «Ер туған жерге, ит тойған жерге» нақылын басшылыққа алудың себебі қандай?
  • Батыр тұлғасы неге халық бейнесімен теңестіріледі?

Жазылым бойынша ұсыныс

Дастанның идеясы мен кейіпкер бейнесін басқа батырлар жырымен салыстырып, үндестігін дәлелдер арқылы көрсететін қысқа талдау жазыңыз.

Алдыңғы тақырып:

Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың басталуы (ұйымдастыру кезеңі)

  1. 1 Оқушылармен амандасу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  2. 2 Н. Қабылбектің өлең шумақтары арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
  3. 3 Дастаннан үзінділерді жатқа сұрау.
  4. 4 «Радиоға қоңырау» әдісі: оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжайды, мұғалімнің ашық және жабық сұрақтарына жауап береді.

Сабақ өзегі:

Дулат Бабатайұлы — «Еспенбет» дастаны