Заттың атын білдіретін сөздерге қанша
Сабақ тақырыбы
Домалақ ана. Заттың санын білдіретін сөздер (сан есім).
Білімділік
Оқушыларды заттың санын білдіретін сөздермен таныстыру, сұрақты дұрыс қоя білуге үйрету. Домалақ ана туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Қасиетті тұлғалардың құдіретіне деген сенімді нығайту, ойды анық жеткізу дағдысын, сауаттылықты жетілдіру, шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды әулие анамыздың аруағын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- СТО технологиясы
- «Бес жолды өлең»
Көрнекіліктер
- Тірек-сызбалар
- Интерактивті тақта
- Оқулық
Сабақтың барысы
Бұл сабақта біз екі бағытты қатар ұштастырамыз: біріншісі — Домалақ ана туралы танымдық түсінік, екіншісі — заттың санын білдіретін сөздер және оларға қойылатын сұрақтар.
I. Ұйымдастыру
Амандасу өлеңі
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз.
Мақсатымыз — білім алу.
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек арқылы «5»-ке қол жеткізу.
II. Өткенді қайталау
Үй тапсырмасы: Әл-Фараби туралы «Өнерлі жігіт» мәтінін мәнерлеп оқу және сұрақтарға жауап беру.
- Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
- Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
- Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
- Сенің қандай өнерің бар?
Өткен сабақта біз заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстық.
Енді сол білімді «Бес жолды өлең» әдісі арқылы бекітеміз.
III. Қызығушылықты ояту
Өлең
Ана деген — ақылшың,
Анаң барда — батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Сұрақ: Өлең кім туралы? Ана туралы.
«Ана» сөзіне ассоциация
- Зат есім
- ана
- Сын есім
- мейірімді, ақылды
- Етістік
- қамқор болады, ақыл береді, киіндіреді
- Сөйлем
- Мен анамды жақсы көремін.
- Мәндес сөз
- ана — қымбат жан
IV. Жаңа сабақ: Домалақ ана туралы таным
Бүгінгі тақырып анаға байланысты. Біз Тұманбай Молдағалиевтің «Домалақ ана» өлеңімен танысамыз және Домалақ ана туралы қысқаша тарихи мәліметті қарастырамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет мұғалімнің түсіндіруімен беріледі.
Домалақ ана кім?
Домалақ ананың шын есімі — Нұрила. Халық оны көрегендігі мен даналығы үшін әулие деп танып, «Домалақ ана» деп құрметтеген.
Ол қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі — Қожа Ахмет Ясауидің алтыншы ұрпағы делінеді.
Анасы ерте қайтыс болып, Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның тәрбиесінде өседі. Аңыз-әңгімелерде оның жас кезінен-ақ әулиелік қасиеті танылғаны айтылады.
Өмірінің соңғы жылдары Ташкентте өткен. Бір сапарында Қаратауға қарай көш Балабөген өзені маңына аялдағанда, Домалақ ана намаз үстінде дүниеден өтеді. Өсиеті бойынша сол жазыққа жерленіп, кейін кесене тұрғызылған.
Өлеңнен үзінді (талдауға арналған)
Домалақ ана Нұрила — қасиетті ұлы анамыз,
Естісек есімін біз қуанамыз.
Әлі де сол ананың әлдиінен
Кейінгі ұрпақтары жұбанамыз.
Барлық қазақ Домалақ анамыз деп,
Құрметтеп мазарына барады іздеп.
Жатса да мәңгі ұйқыда, ұрпағына
Етеді ақылымен ол да қызмет.
Жанры
Өлең
Негізгі ой
Әулие ананың рухани мұрасы ұрпаққа өнеге.
Талқылау сұрағы
Жақсы адам қандай болады?
Сөздік жұмысы
- Ұлы
- Бұл сөз кез келген адамға айтыла бермейді (мысалы: ұлы Абай).
- Мазарына
- Мәйіті жатқан жері, моласы, жерленген орны.
- Мәңгі ұйқыда
- Адамның дүниеден өтуін бейнелеп айтатын тіркес.
V. Мағынаны тану
Топтастыру әдісі арқылы Домалақ анаға мінездеме беріңдер.
- көреген
- дана
- таза
- мейірімді
- ақылды
- қасиетті
Көркем жазу
Ана — ең аяулы жан.
VI. Грамматика: заттың санын білдіретін сөздер
Сан есім — заттың санын білдіретін сөз табы. Ол мына сұрақтарға жауап береді:
Оқулықпен жұмыс: 133-жаттығу
- Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сол сөздерге сұрақ қойыңдар.
- Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар.
Сыныпта он үш парта тұр.
Әр партада екі бала отырады.
VII. Ой қорыту және бекіту
Ереже: заттың санын білдіретін сөздерге қанша?, неше?, нешінші? сұрақтары қойылады.
Сан ұғымы математика сабағынан таныс. Біз бір таңбалы және екі таңбалы сандарды еске түсіреміз.
Тірек-сызба
Сан есім → Қанша? Неше? Нешінші?
135-жаттығу (ауызша).
Сандардың мәдени мәні (мысалдар)
3
Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
4
Төрт құбыла: шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік.
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.
Төрт тоқсан, төрт түлік.
7
Жеті ата, жеті қазына, жеті күн, жеті шелпек.
«Нешеу?» сұрағы
«Нешеу?» сұрағына жауап беретін сөздер көбіне 1-ден 7-ге дейін қолданылады:
Дүниетанумен байланыс: құстар
- Үй құстары
- Суда жүзетін құстар (мысалы: үйрек)
- Дала құстары
- Көгершін — бақыт пен бейбітшіліктің нышаны.
Сергіту сәті: санамақ
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу —
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім шешеді?
VIII. Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Өлең кім туралы?
- Өлеңнің авторы кім?
- Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Топтық жұмыс
Үш қатарға сурет беріледі. Суреттегі заттардың санын жазып, сәйкес сұрақтарды қойыңдар.
IX. Үй тапсырмасы
1) Оқу
«Домалақ ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
2) Жазылым
«Жақсы адам» тақырыбына эссе жазу.