Бульдік операция - сығу тәжірибелік сабағында орындалған тапсырмаларды тексеру
Арнайы пәндер оқытушысы
Манарбек Махпал
Тақырыбы: Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция — айналдыру
Бұл тәжірибелік сабақта бульдік операцияның айналдыру тәсілі арқылы бұрамды біліктің үш өлшемді моделін құрастыру дағдысы қалыптастырылады.
Мақсаты
Бульдік операцияның айналдыру мүмкіндігін қолдана отырып, бұрамды біліктің моделін жасауды үйрену.
Міндеттері
Дидактикалық
Модельдеудің жаңа әдісімен таныстыру; айналдыру амалы арқылы бөлшектің үш өлшемді үлгісін жасауды меңгерту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Білім алушыларды заман талабына сай жан-жақты болуға бағыттау; жеке іскерлік қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу.
Әдістемелік
Оқытудың белсенді әдістерінің элементтерін қолдана отырып, тәжірибелік сабақты ұйымдастыру.
Сабақ параметрлері
- Сабақтың түрі
- Тәжірибелік сабақ
- Оқыту әдістері
- Сөздік, көрнекі, тәжірибелік, ізденістік жұмыс
- Өткізу нысаны
- Жеке жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Информатика, сызу
- Құрал-жабдықтар
- Дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, тапсырмалар, бағдарламалық қамтамасыз ету
Сабақтың құрылымы (хронологиялық карта)
| Кезең | Мазмұны | Уақыты |
|---|---|---|
| I. Ұйымдастыру |
|
2 мин |
| II. Қайталау |
|
13 мин |
| III. Тәжірибелік жұмыс | Бұрамды біліктің моделін жасау | 35 мин |
| IV. Бекіту | Сұрақтарға жауап беру | 7 мин |
| V. Қорытынды |
|
3 мин |
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Білім алушылармен сәлемдесу: «Сәлеметсіздер ме!»
Бүгін Қолданбалы информатика пәні бойынша тәжірибелік сабағымызды бастаймыз.
1.2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, сабаққа жұмылдыру.
II. Теориялық материалды қайталау
Мақсаты
Пән бойынша меңгерілген теориялық және практикалық материалды қайталау, білімді бекіту. Білім алушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, теорияны тәжірибемен ұштастыру қабілетін бақылау және маман ретінде қалыптасу даярлығының деңгейін анықтау.
2.1. Тапсырмаларды тексеру
Алдыңғы сабақта («Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция — сығу») орындалған тапсырмалар тексеріледі.
2.2. Сұрақтарға жауап беру
Білім алушылар практикалық сабақтар барысында алған білімін көрсетеді, бекітеді және қажет болған жағдайда тақтада/экранда орындау арқылы дәлелдейді.