Оттектің табиғаттағы айналымы
Тиімді жоспар — нәтижелі сабақ
Кіріктіру — бұл бір оқу материалының әртүрлі салалардағы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене байланысуы. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланысы туралы тұтас түсінік береді. Мұндай сабақтар белгілі бір қалыпқа «сыймайды», бірақ оқу сағатын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Осындай сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақ құрылымы нақтылығымен, мазмұн сыйымдылығымен, орамдылығымен, әр кезеңдегі материалдың логикалық үйлесімімен және ақпараттық әлеуетінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Мысал (8-сынып, химия)
«Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы» тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға оттексіз өмір болмайтыны туралы терең мағлұмат беріп, пәндер арасындағы байланысты (физика, биология, география) нақты көрсетеді.
Сабақ туралы қысқаша дерек
Сабақ тақырыбы
8-сынып. Химия. §24 — «Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы».
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсіл
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Пәнаралық байланыс
- Физика
- Биология
- География
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
1) Білімділік
Оттектің физикалық және химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, оның қолданылуы мен тіршілік үшін маңызын түсіндіру.
2) Дамытушылық
Оттектің табиғаттағы айналымы туралы деректер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту.
3) Тәрбиелік
Қоршаған ортаны қорғау және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім қалыптастыру.
Сабақ мақсаты
Оттектің табиғаттағы айналымы мен қолданылуы туралы мағлұмат беру; өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын іздеу арқылы оқушылардың іскерлігін, ой-өрісін дамыту; өзіндік қорытынды жасауға, шапшаңдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың оқу жұмысына дайындығын анықтау, сабақтың мақсатын қысқаша бағдарлау.
2) Тақырыпты ашу (жұмбақтар)
Жұмбақ 1
Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Жауабы: ауа
Жұмбақ 2
Екі сөз тіркесінен тұрады: бірі — адамға қажетті құбылыс, екіншісі — тыйым сөз. Екеуі бірігіп, элементтің атын шығарады.
Жауабы: оттек
3) Үй тапсырмасын тексеру
Тірек сызбалар бойынша қайталау, оқушының тақырыпқа кіріспе өлеңі.
Мен — оттекпін, ауамын қасиетті,
Ұстап тұрмын қолымда жер мен көкті.
Табиғаттың анасы — жалғыз өзім,
Кестеден сегізінші орын тептім.
Мен — оттекпін, жерде көп таралғанмын,
Ұмытпаңдар оттектей анаң барын.
Тыныс алып жүргенің — менің арқам,
Не дейді мен туралы жарандарым?!
Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар білімді бекіту мен қолдануды кезең-кезеңімен тереңдетуге бағытталған.
I. Білу
2 ұпайХимиялық диктант: тұжырымдарға «+» немесе «−» қойыңыз.
- Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
- Суда жақсы ериді.
- Күрделі зат.
- Суда нашар ериді.
- Жануды қолдайды.
- Ауадан жеңіл.
- Тыныс алуға қажет.
- Зертханада марганцовкадан алады.
- Ауаның құрамына кіреді.
- Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
- Ыдысты төңкеріп жинайды.
- Қалыпты жағдайда сұйық.
II. Түсіну
4 ұпайҚандай оксидтердің формулалары валенттілігіне сәйкес дұрыс қойылмаған?
Cu2O, SiO4, ZnO, SO3, NaO, Cl2O7, MnO4, CO
III. Қолдану
6 ұпайҚай қосылыста валенттілік дұрыс көрсетілмеген?
Ag2O, FeO, Fe2O3, N2O, SO2, CaO, Mn2O7
IV. Талдау
8 ұпайРеакция теңдеулерін жазып, түзілетін оксидтерді атаңыз (зертханалық жұмыс):
S + O2 → ________
C + O2 → ________
P + O2 → ________
Al + O2 → ________
V. Жинақтау
10 ұпайКүрделі заттың жану реакциясын жазыңыз. Түзілген оксидтердегі әр элементтің массалық үлесін есептеңіз.
VI. Бағалау
12 ұпайЗертханада оттекті қандай заттан алған тиімді? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Есеп: 4 моль KMnO4 берілсе, қанша грамм оттек (O2) түзіледі? Есептеңіз.
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа материал слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі: оттектің табиғаттағы айналымы, биосферадағы рөлі және қолданылу бағыттары.
5) Бекіту (сұрақ-жауап)
- Жер қыртысы неден құралған?
- Ауадағы оттек қандай процесс арқылы толықтырылып отырады?
- Оттек қайда қолданылады?
- Оттектің қандай бүлдіргіш әсері бар?
- Бейнесұраққа жауап беріңіз.
6) Білімді бағалау
Деңгейлік тапсырмалар нәтижесі, тәжірибе барысындағы белсенділік және жауаптардың дәлдігі ескеріледі.
7) Қорытындылау
Атмосфера
Оттек: 21%
Гидросфера
Оттек: 89%
Литосфера
Оттек: 46,8%
Тірі ағзалар
Оттек: 65%
Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі — ауа.
Болмасын ауа ешкімнің арман-мұңы,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы, кімге керек боламыз біз
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Үй тапсырмасы
Экологиялық байқау: «Ауаны ластамаудың тиімді жолдары» тақырыбында зерттеу жүргізіп, ұсыныс/жоба немесе шығарма дайындау.