ОТАН тақырыбына мәтін құру
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімдік
Өлеңнің мазмұнымен таныстыру, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімді толықтыру.
Дамытушылық
Мазмұн талдау арқылы ойлау, ойды тұжырымдау қабілетін дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Сауатты әрі көркем жазуға төселдіру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Көңіл күйді көтеру
Қайырлы күн, достым!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Сен бақытты ұлансың» өлеңі бойынша
- Өлеңді жатқа айту.
- Өлең неше шумақтан тұрады? Әр шумақта неше жол бар?
- Өлеңде кім туралы айтылады? Осы ұғымды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Өлеңде қай сөздер қайталанады? Неліктен деп ойлайсың?
- «Сен бақытты ұлансың» деген оймен келісесің бе? Себебін түсіндір.
- Оқушылар өз отбасы мүшелері (ата, әже, ана, т.б.) туралы қысқаша әңгімелейді.
Ә) Тасымал ережесін қайталау
Талқылауға арналған сұрақтар
- Сөздерді қандай жағдайда тасымалдаймыз?
- Тасымалдау кезінде қандай белгі қолданылады?
- Қандай сөздер тасымалданбайды?
- Өлеңнен тасымалданбайтын сөздерді тауып ата.
Практикалық тапсырма
1-қатар: жүрегің
2-қатар: аспаң
3-қатар: қарындасың
Осы сөздерді тасымалдаудың мүмкін нұсқаларын айтыңдар.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
III. Жаңа сабақ
1) Есеп шығару арқылы тақырыпты анықтау
7 − 4 =
3
н
3 + 5 =
8
о
9 − 2 =
7
т
5 + 4 =
9
а
Шыққан сандардың реті бойынша әріптерді орналастырып, тақырыпты анықтаймыз:
ОТАН
2) «Отан» ұғымын ашу (топтастыру)
Сұрақтар
- «Отан» сөзін қалай түсінесіңдер?
- Оны орысша және ағылшынша қалай айтамыз?
- Еліміз қай жылы тәуелсіз мемлекет болды?
- «Тәуелсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еліміздің астанасы қандай?
- Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.
Ойды толықтыру
Қазақстанның жері, табиғаты, байлығы туралы ой бөлісіп, өзіміз көрген-білгенімізді ортаға саламыз. Кейін бейнематериал арқылы мәліметті толықтырамыз.
Ескерту
Слайд/видео көрсетілімі: тақырыпты визуалды бекіту.
3) Өлеңмен танысу
Бүгін біз Ж. Әбдірашевтың «Отан» өлеңімен танысамыз және тасымалға байланысты тапсырмалар орындаймыз.
Автор туралы
Бұл өлеңнің авторы — ақын Жарасқан Әбдірашев. Ол 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. Балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы.
Оқу жұмысы
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.
- Мазмұнын талдайды: неге Отанды «Атамекен» дейміз?
Отан — біздің еліміз, туып-өскен жеріміз, ата-анамыз, бауырларымыз, туған ауылымыз. Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.
Сұрақ
Ақын Отанымен мақтанады. Ал сендер Отан туралы қандай мақтаныш сезімін айта аласыңдар?
Талқылау
«Ер азамат» ұғымын қалай түсінеміз? Отанға қызмет ету нені білдіреді?
4) Отан туралы мақал-мәтелдер
Отан қадіріне жетпеген — өз қадіріне жетпейді.
Отан — от басынан басталады.
Отан — оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
Отан үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың.
Отан үшін отқа түс — күймейсің, арың үшін алыссаң — өлмейсің.
Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
Отанын сатқан — оңбас.
5) Дәптермен жұмыс
Жаттығу
73-жаттығу орындалады.
Ойын: «Сөздерді тиісті үйге орналастыр»
Қ-ант, а-ю, жаңал-ық, ме-ктеп, дәрі-гер, ер-тегі, жа-палақ, қарын-дас, асх-ана, дом-быра.
6) Шығармашылық тапсырма
- Берілген сөздер мен суреттерден «ОТАН» тақырыбына қатысты заттарды жинақтау.
- «ОТАН» тақырыбына шағын мәтін құрастыру.
- Неше сурет пен сөз жиналды? (7)
- 7 саны туралы не білесіңдер? (қасиетті сан, т.б.)
- Отан туралы тағы қандай мақал білесіңдер?
IV. Қорытынды
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
74-жаттығу. Ж. Әбдірашев «Отан» өлеңін жаттау.
Қорытынды ән
«Отан» әнін бірге айту.
Оқуға жеңіл болсын
Бұл материал 1-сынып оқушыларына арналған: қысқа сұрақтар, ойын элементтері, бейнематериал және тәжірибелік тапсырмалар арқылы Отан ұғымын түсіндіруге және тасымал ережесін бекітуге бағытталған.