Күкірт оксидтері
Химиядан сабақ жоспары (10-сынып)
Пән мұғалімі: Сыдықбекова Т. Н.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға VI топ элементтерінің ХЭПЖ-дегі орны туралы, сондай-ақ оттек, озон және судың физикалық әрі химиялық қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Атом құрылысының элемент қасиеттерінің өзгеруіне әсерін түсіндіру, қорытынды жасауға және материалды жүйелеуге үйрету.
- Сөздік қорын байыту, оқу-танымдық білім-білік дағдыларын жетілдіру және дамыту.
- Сабақ уақытын тиімді жоспарлап, бағалауға үйрету.
- Еңбекқорлыққа баулу және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қамтылатын тақырыптар
Төмендегі бөлімдер 10-сынып бағдарламасына сәйкес VI топтың негізгі топша элементтерін және олардың маңызды қосылыстарын қамтиды.
§8.14 – §8.16
VI топтың негізгі топша элементтері
- Элементтердің жалпы сипаттамасы
- Оттек: физикалық және химиялық қасиеттері
- Озон: қасиеттері және маңызы
- Су: құрамы, қасиеттері, қолданылуы
§8.17
Күкірт және оның қосылыстары
- Күкірттің жалпы сипаттамасы
- Табиғаттағы таралуы және қолданылуы
§8.18
Күкіртсутек және оның қосылыстары
- Күкіртсутек (H2S): қасиеттері және алынуы
- Күкіртсутек қышқылы және тұздары
§8.19
Күкірт оксидтері және күкірт қышқылы
- Күкірт оксидтері: SO2, SO3
- Күкірт қышқылы: қасиеттері және қолданылуы
Лабораториялық тәжірибе №19
Күкірт және табиғи қосылыстары
Күкірт және оның табиғи қосылыстарының үлгілерімен танысу; күкірт қосылыстарының негізгі түрлерін (күкіртсутек, күкірт оксидтері, күкірт қышқылы) қайталау және олардың ерекшеліктерін салыстыру.