Что тогда

Музыка әлеміне саяхат

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Фортепиано бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Музыка әлеміне саяхат» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Өлең жолдары

Өмір — ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала, аспан-үн!
Ғұмыры жоқ — ырғақтардан басқаның!
Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын!

Без музыки не проживу и дня! Она во мне. Она вокруг меня.
И в пенье птиц, и в шуме городов,
В молчанье трав и в радуге цветов,
И в зареве рассвета над землей…
Она везде и вечно спутник мой.

Музыка — мәдениеттің шексіз байлығы

Музыка әлемі — адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары мен сан алуан сезім иірімдері бейнеленеді. Оның адам жан дүниесіне әсері орасан зор. Сондықтан музыканы шынайы ықыласпен қабылдаған адам ғана терең түсіне алады.

Согласитесь, музыка живет в каждом из нас — у каждого своя, неповторимая. И очень важно научиться слушать ее. А если не слушать? И не слышать? И не научиться? Что тогда?

Музыка «обижается» и покидает того, кто невнимателен и равнодушен к ней, кто не хочет ее понять.

Жанрлар мен түрлердің көптүрлілігі

Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп: опера, балет, симфониялық және камералық музыка, халықтық шығармалар, әскери, аспаптық және вокалдық музыка, эстрада, биге арналған және балаларға арналған туындылар және тағы басқа.

Музыканың ұлттық болмысы

Әлемдік музыка қазынасына әр халық өзіндік өрнегімен өлшеусіз үлес қосады. Музыкадағы ерекшелік халықтың мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, түсінік-түйсігі, ойлау және сезіну мәдениеті сияқты дара сипаттармен тығыз байланысты. Сондықтан музыканы бір өлшеммен ғана өлшеуге болмайды: оның шынайылығы мен өміршеңдігі де халықтық болмысында.

Халықтық та, классикалық та, жігерлі де, жеңіл де — бәрі өмірімізге қажет. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным мен талғам керек.

Қазақ музыкасы: тарих пен рухтың айнасы

Қазақ халқының музыкасы — халықпен бірге жасасып, тарихи-әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан қастерлі мұра.

Жанарың жалынды егіліп,
Жаныңды жадыратар тілегімен,
Ізгілік, иманымен нәр беретін —
Ләззат ал әншілердің жүрегінен.

Бағдарлама тақырыптары

1) Ән

Музыка — адамның жан дүниесінің тілі. Ол нәзік те сырлы әуенімен сезімтал жүректің бар байлығын аша алады.

2) Күй

Қазақ халқы үшін домбыраның орны ерекше. Домбыра үні қазақтың болмысын айқындай түседі. Күй өнерін кейінгі ұрпаққа жеткізген ұлы күйшілер аз емес: күй атасы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей және тағы басқа дарындар.

Екі ішек: бірі үсті, бірі асты.
Пернесін күйші еппен басты.
Тиектен ағылған ғаламат күй —
Күмбірі шанағында толқып тасты.

3) Би

Музыка — шынайы өнер: ол адамға әсер етіп, қуатты эмоциялық күші арқылы эстетикалық талғамды оятады. Би музыкасы қызметіне қарай екіге бөлінеді: билеуге арналған және концерттік музыка.

Көптеген халық билері классикалық композиторлардың шығармашылығында, камералық туындыларда, операларда, симфониялар мен балеттерде кеңінен орын алған.

Бишілер — құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжемнің ұршығындай үйірілген де,
Жер шарын айналдырған күш сияқты.

Осы тұста назарларыңызға өзбек биін ұсынамыз. Қошеметпен биші қыздарымызды қарсы алыңыздар!

4) Баян (сырнай)

Сырнай аспабы «гармоника» сөзінен шыққан. Халық арасында ол гармошка, гармонь, баян атауларымен танымал. Бұл аспапқа арнап көптеген композиторлар (Пономаренко, Басурманов, Книппер және т.б.) шығармалар жазған.

5) Ән

Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,
Жастардың ойлы жасын.

6) Терме

Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері бүгін бір ғана стандартты үлгі шеңберінде қалып қоймай, дәстүрлі нақышта жаңғырып, жалғасын тауып, әрі қарай дамып келеді. Қазақстанның әр өңірінде дәстүрлі әншілік мектептері өзіндік ерекшеліктерімен дараланады.

7) «Қара жорға» биі: аңыз бен бүгін

Ерте заманда бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Ол бәйгеден қалмай, жүлдеден жүлде алып жүріпті. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатыларда қалың малының өтеуіне сол қара жорғаны сұрайды. Бай қимай қиналса да, жалғызының көңілін жықпай, жорғаны беруге келіседі.

Қызын ұзатар алдында: «Қызым, қара жорғаны бір тайпалтып жорғалатшы, жат жұртқа әкетіп барасың ғой, бір көріп қалайын», — дейді. Жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя береді. Ат жорғасын салып жөнелгенде, ноқтадағы арқан да толқынданып, атпен бірге «жорғалап» бара жатқандай көрінеді.

Осы көріністі тамашалаған бір күйшінің «Қара жорға» күйін шығарғаны айтылады. Күйдің әсерлі болғаны соншалық — естіген жан қимылсыз қала алмайды. Сондықтан кейін «Қара жорға» биі, тіпті әні де кең тараған.

Бұл күй тарихының аңызға айналған бірнеше нұсқасы бар. Өткен жылы Қытайдағы қандастарымыз «Қара жорғаны» Гиннес рекордтар кітабына енгізіп, бір мезетте он мыңнан астам адам бірге билеп, көпшілікті таңғалдырды.

Бұл биге қытайлық зерттеушілер де қызығушылық танытып, денсаулыққа пайдасын атап өткен: биді билеген адамның бүкіл буыны қозғалып, денені шынықтыруға ықпал етеді. Қазір Алтай мен Шыңжан өңірлеріндегі кей мектептерде сабақ «Қара жорғамен» басталатыны айтылады.

8) Фортепиано және пианист: неге ол маңызды?

Фортепианоның қандай аспап екенін және музыкада неліктен сонша маңызды орын алатынын ойланып көрдіңіздер ме? Рояльді сіздер концерт залдарынан, мәдениет сарайларынан, музыка мектептерінен жиі көресіздер. Сахна төріндегі үлкен, маңғаз рояль салтанатты сәтте қақпағы ашылғанда, қанатын жайған құсқа ұқсап кететіндей әсер береді. Ал пианиноны сынып бөлмелерінен, кабинеттерден, үй ішінен жиі кездестіреміз.

Қысқаша анықтама (орысша)

Фортепиано считается струнно-клавишным музыкальным инструментом: звук извлекается путем нажатия клавиш, которые приводят в движение молоточки, ударяющие по струнам.

Прародителями фортепиано были клавесины и клавикорды. Их существенный недостаток — быстро затухающий звук и отсутствие гибкой динамики (громкость почти не менялась), из-за чего было сложно передать оттенки звучания. В фортепиано этих недостатков нет.

Механизм фортепиано в привычном для нас виде изобрел итальянский мастер Бартоломео Кристофори в 1702 году. В эпоху романтизма фортепиано стало популярным инструментом домашнего музицирования: оно позволяло одновременно вести и мелодию, и гармонию. Рост популярности привел к появлению пианистов-виртуозов.

При этом клавесин, несмотря на снижение популярности, не исчез со сцены: его нежное звучание и сегодня можно услышать на концертах старинной музыки. Композиторы продолжают писать для него, а инструменты производятся и в наши дни.

Музыка — сиқырлы әлем

Мир Музыки… Это мир волшебный!
Кажется, он создан из лучей и бликов серебристо-звездных.
Из дождинок тонких, из метелей белых.
Из капели звонкой, кажется, он сделан.
Из цветочных радуг! Из потоков бурных!
Из огня и вихря! Из небес лазурных!

В нем зима искрится, радостно сияет.
Сказочная осень золотом пылает.
Там весна цветная! Праздничное лето!
Душу наполняет он добром и светом.

Қорытынды

Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Музыка әлеміне саяхат» атты іс-шарамыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше!